Кафедра құрамы

Беспалов Юрий Иванович

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жоғары категориялы психиатр дәрігер.

РППНҒТО ОКС мүшесі.

Жоғары медициналық білімі бар, Семей Мемлекеттік Медициналық институт 1963ж. емдеу ісі, дәрігер-емдеуші.

1963-1965жж.аралығында Павлодар облыстық психиатриялық ауруханасында психиатр-дәрігер болып қызмет атқарған; 1965 – 1967 жж. – Алматы шекарашы әскерлер МҚК ауруханасында дәрігер-психоневролог болып жұмыс істеген. 1967 мен 1974 жылдар аралығында 2-оші Республикалық психиатриялық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарды: 1971ж.дейін – дәрігер ординатор, 1971ж.бастап бөлімше меңгерушісі. 1974-1986жж.Алматы облыстық медицина қызметкерлері мамандандырылған ұжымының Төрағасы болып сайланды. 1986 жылы Республикалық психиатриялық аурухананың бас дәрігері болып және ҚазКСР ДСМ штаттан тыс бас психиатры болып тағайындалды. 1990 жылы АММИ психиатрия кафедрасына ассистент қызметіне ауысты.

1980 жылы Беспалов Ю.И. АММИ психиатрия кафедрасының аспирантурасын сырттай оқып бітіргеннен кейін 1979 жылы «Жасөспірім шақтағы галлюцинаторлық бұзылыстар» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. 1974 года жылы жоғары категориялы дәрігер-психиатр. ҚазҰМУ психиатрия, психотерапия және наркологии кафедрасында қызмет атқару барысында кафедраның сәтті түрде қызмет атқаруына септігін тигізетін ғылыми–әдістемелік құжаттарды даярлаумен айналысты. 1998 жылы «ҚР жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған медициналық психология» атты бағдарламасының құрастырушыларының бірі. «ҚР жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған психиатрия және наркология» атты қазақ және орыс тілдеріндегі бағдарламасының құрастырушыларының бірі. 2004 жылы наркология бойынша бағдарламаны құрастырушылардың бірі болды, 2002 жылы рабочей программы по психиатрии для врачей интернов психиатр-нарколог дәрігер интерндерге арналған психиатрия бойынша бағдарламаның құрастырушысы 2003ж.балалар неврологтарына арналған психиатрия бойынша бағдарламаны құрастыруға қатысты. Ал 2007ж. дәрігер-интерндерге арнап психиатрия бойынша Арнайы бағдарламаның құрастырушысы, сонымен қатар, дәрігер интерндерге арналған психиатрия және наркология бойынша құжаттардың барлығын дайындаған. 90-шы жылдары «Психиатрия, наркология және психологияның өзекті мәселелері» атты жинақтың ғылыми жұмыстарды даярлау қызметімен айналысатын баспасөз ұжымының құрамына енді. Психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентура кафедрасын ұйымдастырғаннан кейін соңғы жылдары, (2010ж.) резидентура бойынша Арнайы оқу бағдарламасына сәйкес дәрістік кешендерді құастырды. Аталған бағдарламада психиатрия, психиатриядағы функционалды диагностика, сонымен қатар, дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары және аталған пәндердің РӨЖ бар. За вклад в становление в развитие научного и практического потенциала на кафедрах психиатрия, психотерапия және наркология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының ғылыми және тәжірибелік әлеуетін арттырғаны үшін көптеген Құрмет қағаздарымен, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті алтын жүлдесімен (2013ж.), «Алтын дәрігер» атты орденмен (Алматы, 2014ж) марапатталды.

Ғылыми мақалалар саны- 64, оның ішінде кейбіреулерінің әдістемелік сипаты бар.

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Джамантаева Мариям Шокбаровна

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жоғары дәрежелі дәрігер.

Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық саласында қызмет атқарушы мамандар Қауымдастығы мүшесі.

Жоғары медициналық білімі бар,Туркмен мемлекеттік медициналық институт 1969ж. емдеу ісі, дәрігер.

Медициналық институтты үздік бағаға оқып бітіргеннен кейін, дәрігер-ординатор болып Талдықорған қаласының ІІМ жүйесі қатаң бақылауындағы Республикааралық психиатриялық ауруханасында 1969-1972жж.аралығында қызмет атқарды. 1972-1974 жж. Алматы мемлекеттік медициналық институттың клиникалық ординатура психиатрия кафедрасында білім алды. Бірнеше жылдар бойы Республикалық клиникалық психиатриялық аурухананың (РКПА) әйелдер бөлімшесінде меңгеруші болды.

1984ж. Джамантаева М.Ш. «Шизофренияның түрлі клиникалық варианттарында кездесеттін ипохондриялық бұзылыстар» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Ол Бүкілодақтық . В.П. Сербский атындағы, Мәскеу қаласындағы жалпы және сот психиатриясы ғылыми-зерттеу иинститутында қорғалды.

РКПА ММ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы» (РППН ҒТО) болып қайта құрылуы кезінде клиникалық психиатрияның ғылыми бөлімшесінің меңгерушісі болды, аталған бөлімнің аға ғылыми қызметкері болды. РППН ҒТО ғыылми –зерттеу жұмыстарымен ғылыми тақырыптар бойынша белсенді айналысты. Джамантаева М.Ш. «Психиатрия, психотерапия және наркология», «Сот және әлеуметтік психиатрия» атты ғылыми-тәжірибелік журналдардың баспасөз ұжымының мүшесі юолып табылады.

Джамантаева М.Ш. 80 жуық ғылыми мақалалары отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, соның ішінде дәрігерлерге арналған 6 әдістемелік құралдар бар.

М.ғ.д., доцент Распопова Н.И.бірлессе отырып суицидалды әрекеттің диагностикасы мен алдын алу сұрақтары туралы оқу құралын мақала ретінде дайындады (2015ж.). ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: психикалық және наркологиялық бұзылыстардың диагностикасына қатысты сұрақтар, сонымен қатар оның диагностикасының иммунологиялық аспектілері; психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын емдеу және алдын алу; психикалық денсаулықты қорғау және оны нығайту.

Ғылыми мақалалар– 81 жұмыс, оның ішінде 6 әдістемелік құралдар, 4 шетелдік мақала:

  1. Психикалық бұзылыстарға түзілетін нейроспецификалық антигендер және антиденелер // Аллергология и иммунология. М.– 2008. Т.9, № 3.- С.342-343. Халықаралық конференция Иммунды жүйенің физиология және патологиясы. Иммунотерапия бойынша IV Халықаралық конференция .
  2. Ішек дисбиозымен қатар жүретін саңырауқұлақ патологиясы бар депрессиялық науқастарда кездесетін иммунологиялық. // Аллергология және иммунология.– 2012. Т.13, № 1.- С.91. XVII Медицинадағы реабилитация және иммунореабилитация бойынша Халықаралық конгресс. V Астма және респираторлы аллергия туралы бүкіләлемдік форум. Нью-Йорк, АҚШ, 21-24 сәуір 2012
  3. Ссуицидальды әрекеттері бар эндогенді депрессиялық бұзылыстар кезіндегі имммунологиялық көрсеткіштердің динамикасы // VIII халықаралық пәнаралық конгресс «Медицина және психологияға арналған нейроғылым». Судак (Крым, Украина), 2-12 маусым – С.161
  4. Суицидалды әрекеттері бар депрессиялық науқастардың психобелсенді заттармен тәуелділігінің клинико-иммунологиялық байланысын табу. // Халықаралық қатысумен жүретін Үшінші Жалпыресейлік конференция «Биологиялық психиатрия мен наркологияның заманауи мәселелері». – Томск, 5–6 наурыз 2013.- С.71-72

Мынадай әдістемелік құралдар жарияланды: «Қазақстан Республикасында кездесетін органикалық психикалық бұзылыстардың клинико-эпидемиологиялық зерттеуі», 2004; «Луцетам (пирацетам) препаратын органикалық психикалық бұзылыстар терапиясында қолдану», 2005; «Биполярлы аффективті бұзылыс: терапияның заманауи түсінігі және жолдары», 2007; «Қарттық шақтағы депрессиялар: клиника және терапия жолдары», 2008; «Кветиапин (сероквель): Шизофренияны емдеудің заманауи жолдары (аналитикалық шолу)», 2010; «Әскери қызметкерлердің суицидальды әрекеттері (аналитикалық шолу)», 2013.

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Беспалова Людмила Юрьевна

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

WPА психиатрлар және наркологтар Қауымдастығының мүшесі

Жоғары медициналық білімі бар, Алматы Мемлекеттік Медициналық институт 1996ж. Емдеу ісі, емдеуші-дәрігер.

Беспалова Л.Ю. 2001 ж.желтоқсан айында, ҚазҰМУ психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіргеннен кейін психиатрия кафедрасына ассистент қызметіне алынды. Аталған уақытқа дейін ол мындай тақырыпта диссертация қорғады: “Бейімделудің депрессиялық реакциялары (клинико-психопатологиялық ерекшеліктері)”, оны 18 қаңтар 2002ж.қорғады және оған арналып медицина ғылымдарының кандидаты атағы берілді. 2011 жылы қарашада докторлық диссертациясының апробациясын кафедраның Ғалымдар кеңесінің үлкен отырысында өтті: «Апиынға тәуелділігі бар АИТВ-жұқтырған науқастарда кездесетін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары (клинико-психопатологиялық және емдеу-алдын алу аспекттері)». Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша ЖИТС Қалалық орталығына кеңестік көмек көрсетеді.

Ғылыми мақалалар саны–93 мақала; 2 патент. Оқу-әдістемелік құрал «Стресске қарсы рекциялар және бейімделудің бұзылыстары».

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Жексембина Айтжан Есеновна

Кафедра ассистенті, жоғары категориялы дәрігер.

Жоғары медициналық білімі бар, Алматы Мемлекеттік Медициналық институт 1986ж. емдеу факультеті, емдеу ісі.

1987 жылы психиатрия және наркология бойынша интернатураны оқып бітірді. 1987 мен 1997жж.аралығында ЖОО таратуы бойынша Талғар ОАА психиатр-нарколог болып, ал 1990 мен 1994 жылдар аралығында медико-әлеуметтік коррекция жүргізетін Алматы қалалық наркологиялық орталығының клиникалық бөлімшесінің ординатор дәрігері қызметін атқарған. 1994 пен 1997 жж.аралығында аталған емдеу мекемесінің қарқынды терапия палатасында психиатр-нарколог дәрігері болған. 1996 жылы психиатр-нарколог дәрігерінің жоғары категориясы атаға берілді. Жексембина Айтжан Есеновна 1997 жылдың тамыз айынан бастап

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінінің психиатрия, наркология және психотерапия кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады. Ассистент Жексембина А.Е. кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына белсене қатысады. «Емдеу ісі», «Акушерия», «Медико-биологиялық жұмыс» мамандықтарына арнап «Психиатрия» бойынша Жұмыс бағдарламаларын құрастырған. Сонымен қатароқытушыларға арналған әдістемелік құралдарды және психиатрия мен наркология бойынша орыс және қазақ тілдерінде студенттерге арнап әдістемелік құралдарды жарыққа шығарды. Мынадай бағдарламаларды құрастыруға белсенді қатысты: 2009ж. «Психиатрия» бойынша 051302-«Стоматология» мамандығына арнап ПОӘК құрастырды; 2010 жылы «Неврология, психиатрия, наркология» бойынша 051301-«Жалпы медицина» мамандығына арнап АОБ құрастырды; 2011 жылы «Психиатрия, наркология» пәні бойынша 051301-«Жалпы медицина» мамандығына арнап ПОӘК және студенттерге арналған әдістемелік құралдарды құрастырды. 2011/2012 оқу жылдары– резиденттерге арналған – 051301 «Психиатрия» мамандығы бойынша ПОӘК; «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша білім алатын интерндерге арнап ПОӘК құрастырды.

Ғылыми мақалалр саны– 12 жуық мақала.

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Ашимов Алик Ашимович

Кафедра ассистенті

Жоғары категориялы дәрігер.

Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық саласында қызмет атқарушы мамандар Қауымдастығы мүшесі.

Жоғары медициналық білімі бар, Алматы Мемлекеттік Медициналық институт 1987ж. емдеу ісі, Дәрігер.

ҚР ДСМ Мадақтау қағазы (1984ж.), Алматы облыстық денсауллық сақтау жүйесін басқару саласының Құрмет қағазы 1989ж.

Алғыс хат

ҚазҰМУ 2011ж.

ҚазҰМУ 2013ж.қола жүлдесі

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Ашимбаева Айман Амантаевна

Кафедра ассистенті

Бірінші категориялы дәрігер.

Жоғары медициналық білімі бар

Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық саласында қызмет атқарушы мамандар Қауымдастығы мүшесі.

Ғылыми мақалалар саны – 8.

Байланыстар 272-68-00

 

 

 

Красникова Валентина Степановна

Кафедра ассистенті

Бірінші категориялы дәрігер.

Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық саласында қызмет атқарушы мамандар Қауымдастығы мүшесі.

Жоғары медициналық білімі бар, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институт 1987ж.емдеу ісі, дәрігер.

Денсаулық сақтау саласының үздігі (2007ж.)

Ғылыми мақалалар саны- 11.

Байланыстар 272-68-00