Кафедра тарихы

Травматология және ортопедия кафедрасы 1958 ж. Алматы мемлеккеттік медицина университетінде құрылды. Негізін қалаушы, кафедраның бірінші басшысы, көрнекті ғалым, ірі клиницист КазССР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бас травматолог-ортопеді – проф. Эдельштейн Г.Л. басқарды. Ол Манчжури, Финляндия және Ұлы Отан соғысына қатысып ордендермен медальдардың иегері.

1969 ж. кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Пальгов К.А. басқарды – дарынды хирург, жедел травматология, ортопедияның дамуына өте үлкен үлес қосқан. Соның арқасында №4 Қалалық аурухана қаламыздағы ең басты травматология клиникасы болды.

Константин А. орындаған зерттемелері 12 авторлық куәліктен және патенттермен өнер табыстарға паналы. Оның басшылығымен 22 кандидаттық диссертация орындалды, 190-ға жуық ғылыми жарияланымдар шығарылды, 100-ге жуық ғылыми баяндама және хабарламалар талқыланды.

1992 жылдан 2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып профессор, ҚР МҒА корр.мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Сұлтанбаев Т.Ж. жұмыс атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып доктор Ph.D, травматолог-ортопедтердің Халықаралық қоғамының мүшесі SICOT, доцент Абуджазар У.М. жұмыс жасады. Абуджазар У.М. Алматы мемлекеттік медицина инсституты, емдеу ісі факультетін бітірген. АММИ-ді бітірген соң әрі қарай клиникалық ординатурада, және аспирантурада Санк-Петербургтегі Вреден атындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында оқыды.

2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың тамызына дейін кафедра меңгерушісі болып тәжірибиелі хирург, белсенді дәрігер м.ғ.к., доцент Альходжаев Саруарбек Султанбекович жұмыс жасады.

2018 жылдың тамызынан бастап кафедра меңгерушісі болып №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Алматы және Алматы облысының бас штаттан тыс травматологы, жоғары дәрежелі дәрігер Тезекбаев Канат Марденович тағайындалды.

Травматология және ортопедия кафедрасының клиникалық базасы 1971 ж. бері №4 ҚКА болып табылады. 2 жыл бұрын аурухананың базасында көпсалалы клиника салынды, алайда жарақаттық қызмет басты болып қала береді және арнайы мамандандырылған бөлімдер ашылды: жедел жарақат, бірлескен жарақат, асқынған жарақат және ортопедия бөлімшесі, ірі буындарды эндопротездеу бөлімі ашылды. Бұл клиникада алдыңғы қатарлы технологиялық оталардың барлық түрі, атап айтқанда ірі буындардың эндопротезі, артроскопиялық қалпына келтіру, сынулар және түрлі патологиялық ақауларға заманаұй оталар жасалады Кафедра қызметкерлері аурухана емдік жұмысына белсенді араласады.

Кафедра қызметкерлері күрделі потологиялық аурулары бар Алматы қаласы және Қазақстанның барлық аймақтарынан келген науқастарға медициналық кеңес береді. Кафедра қызметкерлері №4 ҚКА базасынан басқа Алматы қаласының №7 ҚКА, ЖЖШК

Ауруханаларында жұмыс жасайды. Кафедра қызметкерлері ғылыми-зерттеулік жұмыстар, жобалар және зерттеулермен белсенді айналысуда. Оқытушылар ғылыми қоғам мүшесінің студенттерімен бірігіп клиникалық бақылау анализдерін талқылайды және қорытынды ғылыми конференция өткізеді.

Соңғы жылдарда кафедра оқытушыларының жинақтап басып шығарған оқулық және оқу әдістемелік құралдары

  1. «Омыртқа жарақаттары. Жамбас жарақаттары»(оқу-әдістемелік құрал), Алматы-2015г.
  2. «Ожоги» (Оқу құралы), Алматы 2016
  3. «Күйіктер» (Оқу құралы), Алматы 2017
  4. «Повреждения стопы» (оқу-әдістемелік құрал), Алматы 2017г.
  5. «Аяқ басы зақымдануы» (оқу құралы), Алматы 2017

Кафедра құрылғаннан бері мыңдаған студенттер оқытылып шығарылды, травматолог-ортопедтермен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтамассыз етуге көптеген жұмыстар жасалды, соның ішінде көптеген бөлім меңгерушілері, жоғарғы білікті мамандар және атақты ғалымдар бар.