Кафедра тарихы

2010-2018жж. нефрология модулінің негізін қалаушы және бірінші басқарушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰМУ құрметті профессоры Әсия Бәкішқызы Канатбаева болды және де осы таңда кафедрада қызмет етуде.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасында, сосын урология кафедрасы базасында нефрология курсы ұйымдастырылды 09.23.2010ж., №1 хаттама бойынша «Урология және жедел нефрология» кафедрасының атауы «Урология нефрология курсымен» кафедрасына өзгертілді.

09.01.2012ж. №6452К бұйрығы бойынша тәуелсіз «Нефрология» модуліне айналды. Модулді Қабулбаев Қ.А., Чингаева Г.Н. және Шепетов А.М. басқарды. Сол кезде модулдің штаттық құрамында 3 профессор, 5 доцент және 8 ассистент жұмыс аткарған.

01.09.2017ж. – Модулдің профессор-оқытушылар құрамы ірі клиникалық кафедралар құрамында жұмыс жасады (ІА №1, №2 және №3)

14.08.2018ж. – өзінше «Нефрология» кафедрасы құрылды.

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы (11,0 орын): профессорлар-4; доценттер-2; ассистенттер-3; сырттай жұмыс істейтін қызметкерлер-6 және лаборанттар-2 (барлығы: 15, оның ішінде 9-ы негізгі құрамда жұмыс істейтіндер және 6-ы сырттай). Қазіргі таңда кафедрада 5 резидент-нефролог екінші жыл, ал 1 резидент-нефролог бірінші жыл білім алуда, және де 1 докторант үшінші жыл; ал 2 докторант бірінші жыл білім алуда.

Кафедра қызметкерлері клиникалық базаларда айтарлықтай клиникалық жүктемені атқарады, ғылыми жұмыстармен айналысады. Олар клиникалық орындарда дәрігерлермен бірге ғылыми мақалаларды жариялайды. Қазіргі кезде кафедра қызметкерлері 7 клиникалық базаларда орналасқан, негізгісі №1 УК.