Қазақ ұлттық медицина университетінің 2012-2013 оқу жылына интернатураға қабылдау ережесі

Бұл Ереже 24.10.2011ж. ҚР өзгерістер мен қосымшалар енгізілген «Білім туралы» заңына, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 16 маусым 2010ж. № 452 бұйрығымен бекітілген «Интернатура туралы ережесіне» және Университеттің Ғылыми кеңесінде 2007ж. 4 шілдедегі № 8 хаттамасында мақұлданған «ҚазҰМУ-де интернатура ұйымдастыру туралы ережесіне», ҚР БҒМ 1.11. 2010 ж № 506 бұйрығымен, ҚР ДМ бұйрығында, С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ережесінде бекітілген, ҚР денсаулық сақтау аясындағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандардың мамандық номенклатурасына, денсаулық сақтау аясындағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талабына сай өңделіп жасалған.

1. Университеттің интернатурасына конкурстық негізде ҚР азаматтары, шетел және азаматтығы жоқ азаматтар, жоғары медициналық немесе медициналық білімі (бакалавриат) бар азаматтар бекітілген тәртіп бойынша заң жүзінде қабылданады.

2. Интернатураға қабылдау ҚР ДМ бекітуіне байланысты қабылдау квотасына және келісімшарт негізінде (қабылдаудың бақыланатын санынан көптеу) қабылдау санына, ҚР ДМ

  • мен көлемі келісілген тәртіпке сай жүзеге асырылады.

3. ҚР азаматтары және азаматтығы жоқ, бірақ Қазақстан аймағында тұратын тұлғалардың университет интернатурасына қабылдануы:

  • квотаға байланысты мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын шектеулі орынға, сондай-ақ заңда нысаналы қабылдау аясында қарастырылған қабылдау шарттарына сәйкес қабылданады;
  • жеке және заңды тұлғаны оқытуға, оқу төлемақысы қарастырылған келісімшартқа сәйкес.

4. Осы Ереженің 4.б көрсетілген азаматтардан басқа шетелдік және азаматтық алмаған азаматтардың Университет интернатурасына қабылдануы:

  • квотаға байланысты мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын шектеулі(лимит) орынға орынға, сондай-ақ бекітілген ҚР ДМ (келісім) жолдауы бойынша, халықаралық келісімшартқа сәйкес қабылданады;
  • жеке және заңды тұлғаны оқытуға, оқу төлемақысы қарастырылған келісімшартқа сәйкес.

5. «Жалпы медицина» мамандығының бакалаврлары ҚазҰМУ интернатурасына түсу үшін:

  • теориялық сабақ бойынша 8100- аса, кәсіби тәжірибе бойынша 468-ден аса академиялық сағат санын меңгеруі керек. Сонымен қатар, міндетті компонент бойынша 7569-дан аса , таңдау компоненті (эликтивтер портфолиясы) бойынша 531-ден аса академиялық сағат меңгеруі керек.

6.Университет интернатурасына оқуға түскісі келетін үміткерлердің ұсынатын құжаттары:

  • Университет ректорының атына интернатураға қабылдау туралы өтініш;
  • өмірбаян;
  • жоғары кәсіби біліктілік туралы диплом және оның қосымшасы (түпнұсқасы);
  • кәсіби біліктілігі туралы басқада құжаттар(сертификаттар ,СҒЗЖ дипломы) т.б.;
  • көшіру баллы (GPA) — 2,67 (В-);
  • бакалавриатта оқыған жылдарының орта балы 3,0-ден төмен болмауы керек, әріптік-балдық жүйе бойынша — «В»;
  • таңдау компоненті бойынша жинаған пәндері бар портфолиосы, олар пререквизиттар немесе интернатурада оқуға таңдаған бағыты бойынша салалық пәндер;
  • таңдаған бағыты (направлению) бойынша ғылыми үйірмелер мен ғылыми конференцияларға қатысқан сертификаттары болса, өткізуге болады.

 

Шетелде жоғары кәсіби білім алған тұлғалар, шет мемлекетте алған білімі туралы бекітілген тәртіп бойынша заңдастырылған құжаттары және оның қосымшасынның (приложения) түпнұсқаларын (егер білімі туралы берілген құжат сол мемлекеттің заңында қарастырылса) ұсынады, тапсырылатын құжаттар бекітілген тәртіп бойынша орысшаға аударылып, расталып (заверенный), сонымен қатар шетел мемлекетінің білім туралы құжатының ҚР жоғары кәсіби білімі туралы дипломына сәйкес келетіндігі туралы ҚР заңында қарастырылған, ҚР ғылым және білім Министрлігінде берілген куәліктің көшірмесі тапсырылады.

  • 3х4 (күңгірт) үлгідегі сурет;
  • құжаттардың көшірмесі, жеке куәлігі (төлқұжат, әскери билет), шетел азаматтары үшін – «ҚР-на келген шетелдік азаматтарға арналған құқықтық ереже» және егер шетел азаматы ҚР кіру құжаты бойынша келсе, ҚР кіру құжатының көшірмесі;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өзі тапсыруы керек;
  • қосымша, нысанды қабылдау аясында қабылданған азаматтар үшін мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан (ҚР ДМ қабылдаудың бақыланатын санына сәйкес) тиісті жолдама тапсырады;
  • қосымша, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орындарға қабылданатын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар үшін Білім және Ғылым Министрлігінің жолдамасы.

 

7. Интернатураға қабылдау және интерн қатарына алуды ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы, емтихан және апелляциялық комиссия құрылады, оның құрамы және жұмыс тәртібі Университет ректорының бұйрығымен қабылдау емтиханынан 1 ай бұрын бекітіледі.

8. Университет интернатурасына қабылдау емтиханы тест, әңгіме-сұхбат(собеседования), стандартталған науқастарды қолдану клиникалық дағдыны бағалау түрінде жүргізіледі. .

9. Қабылдау емтиханы ҚР медициналық кәсіби жоғарғы білім беру стандарты аясында жүргізіледі.

Тест 50 сұрақтан тұрады.

Тестік тапсырманы бағалау өлшемі: үздік (90% жоғары), жақсы (80-89%), қанағаттанарлық (70-79%), қанағаттанарлықсыз 70% және одан төмен.

Әңгіме-сұхбат таңдалған мамандық бойынша жүргізіледі.

Әңгіме-сұхбат хаттамамен рәсімделеді, онда үміткерге қойылған сұрақ және оның жауабына емтихан қабылдаушының қысқаша түсініктемесі тіркеледі.

Әңгіме-сұхбат қорытындысы төрт балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қабылдау емтиханын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

 

10. Қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша үміткер апелляциялық комиссияға жазбаша түрде емтихан қорытындысымен келіспейтіні туралы арыз жазуға құқылы және Университет бекіткен тәртіп бойынша өзінің жауабымен таныса алады.

Үміткер қабылдау емтиханының қорытындысы шыққаннан кейін екі күн ішінде апелляцияға бере алады.

Апелляция қарағаннан кейін, апелляциялық комиссия қабылдау емтиханы бойынша баға туралы шешім шығарады.

11. Қабылдау комиссиясы қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша, қабылдау байқауынан ойдағыдай өткен және жоғары балл алған тұлғаларды интерн қатарына қабылдауды қамтамасыз ете отырып, әр үміткер бойынша шешім шығарады.

Интернатураға қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қабылдау комиссиясының шешімінен кейін бес күн ішінде, сабақ басталуына екі апта бұрын үміткерге хабарланады.

Интернатураға қабылдау қабылдау комиссиясының шешімінің негізінде Университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Мақсатты қабылдау аясында түскен, Университет және жолдаған тараптар арасындағы келсім-шарт көрсетілгеннен кейін тұлғаны қабылдау жүргізіледі.

Келісім-шарт бойынша оқу ақысын төлеп түскен тұлғаларды қабылдау, оқу туралы келсім-шартқа және оқу ақысын төлегені туралы құжаттарын растайтын түбіртектерін көрсеткеннен кейін жүргізіледі.

12. Университет интернатурасында сабақтың басталуы – 01.09.2012 ж.

— құжаттарды қабылдау: 01.08.2012 — 15.08.2012ж.

— қабылдау емтихандарын өткізу: 16.08.2012 — 20.08.2012 ж.

 

13. Бос орындар болған жағдайда, ҚР ДМ-мен келісімі бойынша Университетке қабылдау ережесіне сәйкес қосымша қабылдау және интерн қатарына қабылдауды ұйымдастыру жүзеге асырылады.

14. Осы Ереженің 13 б. қарастырылған, қосымша қабылдауды ұйымдастырудан кейінгі интернатура бағдарламасы бойынша дайындауға азаматтарды ҚР ДМ қабылдаудың бақыланатын санын өзгерген жағдайда, ҚазҰМУ-дің ректорының бұйрығы негізінде интернатураға қабылдау мерзімі бекітілу жүзеге асырылады.

15. Құжаттарды тапсыратын мекенжай:

Университеттегі интернатура деканаты, Алматы қ-сы., Толе би к-сі 88, Ректорат ғимараты, 1-ші қабат, № 1 бөлме, тел. (87272) 926969 (114).