Акушерия және гинекология бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы

Акушерия және гинекология бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 2009 жылы құрылды. Кафедраның клиникалық базалары болып келесі базалар саналады:

  • Акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми орталығы (АГ және ПҒО);
  • ҚР Президенттің істерін басқару медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы;
  • Қалалық клиникалық жедел жәрдем ауруханасы;
  • Қалалық адам репродукция орталығы;
  • Республикамыздың басқа облыстарының перинатологиялық орталықтары.

Кафедра меңгерушісі — м.ғ.д, проф. Құдайбергенов Талғат Қапаұлы.

Кафедрада 18 оқытушы, оның ішінде медицина ғылымының 6 докторы және 4 кандидаты жұмыс жасайды.

Ай сайын 2 рет, АГ және ПҒО базасында кафедра қызметкерлерімен кафедра отырысы өткізіледі, қазіргі мақсаттар мен сұрақтарды талқылау, ой алмасу және ұсыныстар айтылады.

Интернді дайындау жүрісі келесі жұмыстарды қамтиды: клиникалық талқылаулар, кеңес берулер, клинико-диагностикалық бөлімшелеріндегі клиникалық аралаулар, семинарлар өткізу, тақырыптарды талқылау, тәжірибелік дағдыларды игеру, ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференциялар жүргізу және қатысу. Интерндердің білімін бақылау келесі формада жүргізіледі: қазіргі (сынақтар), жарты жылдық аттестация, қорытынды аттестация.