Кафедра құрамы

ҚазҰМУ кардиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Беркінбаев Сәлім Фахатұлы. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін ақытады. Н.И.Пирогов ат. 2-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатурада, кардиология бойынша аспирантурада, А.Н.Бакулев ат. жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығында білім алды. А.Н.Бакулев ат. жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер, Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының ДБЖ терапия кафедрасының меңгерушісі, М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ғылым және клиникалық жұмыстар
жөніндегі проректоры, Астана қ. Республикалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Бес жыл бойы М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры болды. 2018 ж. шілдесіне дейін 10 жыл бойы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарды. Бұдан әрі 2019 ж.01.09 дейін ҚазҰМУ клиникалық қызмет жөніндегі проректор болып істеді. Беркінбаев С.Ф. 300-ден астам басылымның, 5 монографияның авторы болып табылады.Хирша– 4 индексі бар. «Қазақстан кардиологтары қауымдастығы» АҚ президенті. Терапевтердің Еуропалық қауымдастығы алқасының мүшесі. Кардиологтардың Еуропалық қоғамының мүшесі. Дүниежүзілік жүрек ұйымының мүшесі. «Терапевтический вестник» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы. «Ішкі медицинаның Еуропалық журналы» (Мәскеу қ.) редакция алқасының мүшесі, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «ҚазақстанРеспубликасыденсаулықсақтауісініңүздігіне», «Парасат» орденімен, «ҚазақстанРеспубликасыденсаулықсақтауқызметкерлерікәсіподағыныңүздігі не» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Ресей Федерациясының Қоғамдық сыйлықтар ұлттық комитетінің Ломоносов орденімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталды. 2018 ж. Беркінбаев С.Ф. білім алды және Certificate of Completion of Medical University Leadership & Management Training at Duke University Shool of Medicine. Duke. Global Health Innovation Center. USA, Durem. Сондай-ақ 2018 ж. Leadership Development Program for State Healthcare Institutions. Nazarbayev University ретінде білім алды. Astana сертификатыналды.

ҚазҰМУ кардиология кафедрасының профессоры, ассоциацияланған профессор Джунусбекова Гульнара Алдешовна. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. ҚР ДСМ Қазақ кардиология ҒЗИ клиникалық ординатурада білім алды. Алматы облыстық клиникалық ауруханада кардиолог дәрігер, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми орталығында кардиолог дәрігер, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ АГ, миология және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болды. 14.00.06- кардиология, 14.00.05 – ішкі аурулар шифры бойынша«Артериялық гипертониямен ауыратындарда
эндотелиге тәуелді вазодилатация» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ докторантурада білім алды. «Артериялық гипертония кезіндегі кардиореналдьдық синдром» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. Бұдан әрі ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі болып қызмет жасады. 2011 жылдан 2016 ж. дейін – ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директордың кардиология және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан 2018 ж. қазан айына дейін – ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директордың стратегиялық даму және ғылым жөніндегі орынбасары. Осыдан кейін Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ревматология курсы бар кардиология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2019 ж. 01.09 бастап ҚазҰМУ кардиология кафедрасының профессоры. 300-ден астам басылымның, 3 монографияның авторы болып табылады. Хирша – 2 индексі бар. ҚР ДСМ жанындағы Миокардтың жіті инфаргімен ауыратындарға көмек көрсетудің интеграцияланған үлгісін енгізу жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі. ҚР ДСМ жанындағы Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша Жұмыс тобының мүшесі. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және талдау жөніндегі Республикалық жұмыс тобының мүшесі. Кардиологтардың Еуропалық қоғамының мүшесі. Артериялық гипертония бойынша Еуропалық қоғамының мүшесі. Қазақстан кардиологтары қауымдастығының вице-президенті. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандардың қоғамы» БҚ Президенті.Қазақстан терапевтері қауымдастығының президенті. «Денсаулыксақтауісінеқосқан үлесі үшін», «Денсаулыксақтауісінің үздігі» медальдарымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Тундыбаева Мейрамгуль Капсиметовна–медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университетінің кардиология кафедрасының профессоры. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандардың қоғамы» БҚ вице-президенті.Қазақстан кардиологтары қауымдастығының мүшесі, Қазақстан терапевтері қауымдастығының, ESC (Кардиологтардың еуропалық қауымдастығы) мүшесі. Ғылыми қызығушылығы: кардиология, терапия, клиникалық фармакология. 200-ден астам басылымның, оның ішінде шетелдік патенттер, дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдардың авторы.
Тундыбаева М.К. 2015 ж. Резидентура бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандартының және «Кардиология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша резидентураның үлгілік кәсіби оқу бағдарламасын әзірлеуші, сондай-ақ ҚР ДСМ бекіткен 2017 ж. «Кардиология» мамандығы бойынша медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үлгілік бағдарламасын әзірлеушіболып табылады. Абенова Алия Тураровна, медицина ғылымдарының кандидаты, кардиология кафедрасының доценті, жоғары снаттағы кардиолог дәрігер. М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірді. С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ аспирантурасында білім алды. 30-дан астам басылымның авторы. 3 жыл бойы Алматы қ. штаттан тыс кардиологы болды. «Алтын дәрігер» медалімен және «AVEVITAE» орденімен марапатталды. Жанара Мейрамовна Оралбекова – кардиология кафедрасының доценті, PhD докторы, кардиолог, терапевт, УДЗ дәрігері, клиникалық фармаколог. Мектепті «Алтын белгі» белгісімен аяқтады, оны Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев тапсырды. М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін үздік бағамен бітірді. Самарск мемлекеттік медицина университетінің Кардиология және кардиохирургия кафедрасының базасындағы клиникалық интернатурада білім алды. А.И. Евдокимов ат. Мәскеу медициналық-стоматологиялық университетінің терапия, клиникалық фармакология және жедел медициналық көмек кафедрасында аспирантураны табысты аяқтады, кандидаттық диссертацияны қорғады, «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Медицинада істеген 12 жылда терапевт, УДЗ дәрігері, клиникалық фармаколог дәрігері, функционалдық диагностика дәрігері аралас мамандықтарын меңгерді. Қазақстан және Ресейдің жетекші орталықтарында бірнеше рет маманданудан және тағылымдамадан өтті. 5 жыл ішінде Атырау облысының аймақтық кардиоорталығында жұмыс істеді, кардиология бөлімшесін басқарды, Атырау облысының ДСБ штаттан тыс бас кардиологы ретінде кардиологиялық қызметті үйлестірді. Scopus және ThomsonReuters мәліметтер базасында нөлдік емес импактфакторы бар отандық және шетелдік ЖАК, РҒЗО басылымдарында 27 ғылыми мақаласы, 1 монографиясы бар. «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толу мерейтойына арналған XVIII съездеЖанара Мейрамовна Оралбекова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында медицина жұртшылығы атынан сөз сөйледі. 2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты берілді. Мамедгулиева Жаннат Токталиевна –кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігер, 2005 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина
университетінің Емдеу ісі факультетін аяқтады. 2005-2007 жылдары М.М.Миррахимов ат. Кардиология және терапия ҒЗИ жанындағы клиникалық ординатураны аяқтады. 2010-2012 ж. ҚММИ жанында клиникалық ординатор болды. 2014 жылы Алматы қ. жеке медицина колледжінің оқытушысы болып жұмыс жасады. 2014-2016 ж. Іле ОАА кардиолог дәрігер болып істеді. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ функционалдық диагностика курсы бар кардиология кафедрасының ассистенті және рентгеноваскулярлық хирургия бөлімшесінде кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ кардиология кафедрасында ассистент болып істейді. Кардиологтардың еуропалық қоғамының мүшесі, Ресей кардиологтары қоғамының мүшесі. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша мамандар қоғамы» ҚБ мүшесі болып табылады.

Кабдулкаева Алия Ирановна – С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ кардиология кафедрасында ассистенті, кардиолог дәрігер. 2011 жылы С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Емдеу факультетін бітірді. 2011-2012ж С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ терапия бойынша интернатурасын бітірді. 2012 ж. АДБЖИ кардиология бойынша бастапқы маманданудан өтті. Экономикалық бағыт бойынша екінші жоғары білімі бар. 2012 жылдан 2013 жылға дейін №4 қалалық емханада кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еңбек қызметін жалғастырды, ҒТБ шеңберінде зерттеуші дәрігер ретінде ғылыми қызметпен белсенді айналысты. 2015-2018 ж. ҚазМҮБУ кардиология бойынша резидентурада оқыды, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінде кардиолог дәрігер жұмысын қоса атқарды. «Good Clinical Practice for Investigators, GCP certificate» сертификаты және «Жергілікті-этикалық комитеттер: функциялары, қағидалары және жұмыс процедуралары» мамандығы бойынша сертификаты бар. Қазақстан кардиологтарының қауымдастығының, Кардиологтардың еуропалық қоғамының мүшесі, Жүрек қызметінің жетіспеушілігі бойынша Еуропалық қауымдастықтың қолдауымен ҚР жүрек қызметінің жетіспеушілігі бойынша жұмыс тобының мүшесі, Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша мамандар қоғамының мүшесі. 2013 жылдан 2019 жылдар аралығында ҚР кардиологтарының конгресін, 2019 жылы СЖК бойынша халықаралық қатысумен республикалық конференцияны ұйымдастыру және жүргізу комитетінің құрамында жұмыс істеді. ҚР кардиологтарының VII, IX, XIКонгресінің жауапты хатшысы болды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Леонович Татьяна Николаевна–кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігер, «Кардиология, оның ішінде балалардікі», «Терапия», «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар. Орта мектепті үздік бағамен аяқтады, «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Кейіннен С.Д.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университетінің емдеу факультетін үздік бағамен аяқтады. Осыдан кейін Қазақ-Ресей медицина университетін терапия мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жанындағы резидентураны «Кардиология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша үздік бағамен аяқтады. Резидентураны аяқтағаннан кейін, 2 жыл ішінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Дипломнан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің функционалдық диагностика курсы бар кардиология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасады. 2018 жылдың қараша айынан бастап Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ревматология курсы бар кардиология кафедрасының ассистенті болды. 2018 ж. Гипертония бойынша еуропалық қоғамның жазғы мектебіне қатысушы. 2018 ж. «Липидтердің метаболизмі» циклы бойынша Зальцбург медицина семинарына қатысты. Отандық және шетелдік басылымдарда 7 ғылыми мақаласы бар, 1 монографияның авторласы. Кардиологтардың еуропалық қоғамының мүшесі, Ресей кардиологтары қоғамының мүшесі. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша мамандар қоғамы» ҚБ хатшысы болып табылады.

Утебалиева Дария Джамбуловна–кафедра ассистенті,екінші санаттағы кардиолог дәрігер. 2014 ж. С. Д. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетінің «Жалпы медицина» факультетін аяқтады. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ «Кардиология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша резидентурада оқыды. 2017 ж. қыркүйек айынан бастап 2019 ж. қыркүйек айына дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша белем беру департаменті жанындағы функционалдық диагностика курсы бар кардиология кафедрасының ассистенті болды. «ҚазҰМУ» КеАҚ «Медицина» мамандығы бойынша 2-ші жыл білім алушы докторант болып табылады. «Қазақстан кардиологтарының қауымдастығы» ҚБ мүшесі, Кардиологтардың еуропалық қоғамының мүшесі, Ресей кардиологтары қоғамының мүшесі. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша мамандар қоғамы» ҚБ мүшесі болып табылады.