Кафедра тарихы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің жас кафедраларының бірі аллергология курсымен №3 ішкі аурулар кафедрасы. Ол 2017 жылы, №2 ішкі аурулар кафедрасының реформалау жолымен құрылған. Негізінде осындай кафедралар бар:

№1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы, 1991 жылы құрылған, ұзақ жылдар бойы профессор Дулат Сейтжанович Полимбетов басқарған, 2013 жылдан бастап кафедраны профессорр Беркимбаев С.Ф. басқаруында.

№2 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы – Университеттің ертеден келе жатқан клиникалық кафедралардың бірі, 1938 жылы госпиталды терапия кафедрасы болып құрылған. 1952 жылдан госпиталды терапия кафедрасын бірінші әйел адамы-қазақ, профессор атанған, медицина ғылымдарының докторы терапевт Казақ ССР-не еңбек сіңірген Сатпаева Райхан Абикеевна, 2003 жылдан бастап кафедра басшысы ұзақ жылдар бойы медицина ғылымдарының докторы, профессор – Айдаргалиева Н.Е.

 

№3 терапия бағыты бойынша интернатура және резидентура кафедрасы, кафедра 1980 жылы госпиталды терапия кафедрасы болып құрылған. 2012 жылға дейін кафедра басқарушысы медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген Даулетбакова Марьям Ильясовна.

 

2012 жылдан бастап кафедраны – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер терапевт «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» – Искаков Бауржан Самикович басқарады;

2016 жылдан бастап №3 ішкі аурулар кафедрасына аллергология курсы қосылды. «Аллергология және клиникалық иммунология» модулін ҚР ДСӘДМ балалар аллергологиясының басшысы, м.ғ.д.профессор Испаева Ж.Б. ұйымдастырған.

Аллергология курсымен №3 ішкі аурулар кафедрасын – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер терапевт, «ҚР денсаулық сақтау үздігі» – Искаков Б.С. басқарады.

Қазіргі таңда кафедрада 9 профессор, 8 доцент, 9 ассисент жұмыс жасайды.

Кафедрада 6 негізгі база бар, көпсалалы клиникалардың негізгі жерлерінде орналасқан. Олар: ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Кардиология және Ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты; ҚР Президенті жанындағы Медициналық Басқару Орталығының Орталық клиникалық ауруханасы; Медициналық Шұғыл көмек көрсететін Қалалық аурухана; Қалалық Кардиологиялық орталық, №7 Қалалық Клиникалық Ауруханасы және Орталық қалалық клиникалық ауруханасы.

Кафедра кәсіби интерн-терапевтерді дайындайтын негізгі әдістемелік орталық болып табылады. Кафедрада дәрігер-интерннің жауапкершілігі және біліктілігіарттыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі, интерндердің өзін-өзі дамытуы бойынша және клиникалық ойлауын дамытуы үшін оқу кезінде тәжірибелік бағыттар күшейтілген.

Кафедра қызметкерлері клиникалық және педагогикалық шеберлікті оқи отырып кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады.