Кафедра тарихы

Аллергология кафедрасы алғаш рет 1992 жылы аллергология, иммунология, микробиология, жұқпалы аурулар және эпидемиология біріктірілген кафедрасынан АММИ ректоры, профессор Белозеров Е.С. жетекшілігімен ашылды. 1994 жылы проф. Испаева Ж.Б. жетекшілігімен алғаш рет курс ретінде, кейін аллергология модулі ( 2011 жыл), аллергология және клиникалық иммунология модулі (2014жыл) болып, 2018 жылы өз алдына аллергология және клиникалық иммунология кафедрасы құрылды.
Осы жылдар ішінде аллергология және клиникалық иммунология кафедрасы меңгерушісі м.ғ.д., профессор Испаева Жанат Бақытқызы болып табылады. Ол аллергология саласында көптеген кәсіби дайындықтан өтті, 1987 жылы кандидаттық диссертация қорғады, Мәскеуде (1989-1992 жж.) аллергологияның бас орталығында докторантура бойынша оқуын жалғастырды, онда докторлық диссертация қорғады.
Испаева Ж.Б. көп жылдар бойы (2000 жылдан бастап) және бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің және Алматы қаласының Бас балалар аллергологы. Ол «Шипагер» газетінің алғашқы бас редакторларының бірі (1994-1997) болды.
Қазіргі уақытта проф. Испаева Ж.Б. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Сенатының төрағасы болып табылады (2017 жылдан бастап), «Аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы (2013 жылдан бастап), Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар Еуропалық Академиясының (EAACI) мүшесі (1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін), 2000 жылдан бастап Дүниежүзілік аллергологиялық қоғамның (WAO) мүшесі.
Испаева Ж.Б. ARIA (Allergic Rhinitis and its impact on Asthma) ғылыми қоғамының, Халықаралық Молекулалық Аллергология және иммунология Университеттер желісінің (INUNIMAI) Қазақстан Республикасындағы координаторы. Ол Қазақстан Республикасындағы бронх демікпе, аллергиялық ринит және атопиялық дерматит бойынша ұлттық бағдарламалар үйлестірушісі және жетекшісі болып табылады (1998, 2004, 2005, 2007, 2011 жж.).
Испаева Ж.Б. жыл сайынғы бүкіл әлем бойынша жетекші аллергологтар, Аллергологтар және клиникалық иммунологтар Еуропалық Академиясының Президенті, алыс және жақын шет ел аллергология және клиникалық иммунология саласындағы сарапшылар қатысуымен өтетін «Демікпе және аллергия» атты Халықаралық ұлттық конгресс (19), Қазақстан Республикасындағы І және ІІ Аллергологтар мен клиникалық иммунологтары съезін ұйымдастырушысы.
Профессор Испаева Ж.Б. жетекшілігімен 2013 жылы «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» Қазақстан Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды, Астана, Қостанай, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Орал, Қарағанды, Өскемен қалаларында 9 филиалдары бар.
Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет 2013 жылы «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар ассоциациясы», құрамына 52 мемлекет кіретін Еуропалық Аллергологтар мен Клиникалық иммунологтар Академиясының толық мүшесі болды және 2018 жылы Қазақстан қауымдастығы EAACI-да Ұлттық қоғамдық еуропалық елдер дәрежесіне ауыстырылды (EAACI сайты).
Сонымен қатар, 2018 жылы профессор Испаева Ж.Б. жетекшілігімен Қазақстан Аллергологтары мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы Халықаралық иммунологиялық қоғамдастықтардың (IUIS) және Халықаралық аллергологиялық Қоғамының (WAO) мүшелігіне енді.
Сондай-ақ, профессор Испаева Ж.Б. жетекшілігімен Қазақстан MACVIA-ARIA Денсаулық сақтау жөніндегі Еуропалық Комиссияның халықаралық жобасына енді.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне үлес қосқаны үшін» белгілерімен марапатталған, С.Ж.Асфендмяров атындағы ҚазҰМУ құрмет грамотасы және күміс медалі, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаты бар.
Профессор Испаева Ж.Б. жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 200-ден астам ғылыми тезистері мен мақалалары жарияланған (ҚазҰМУ Хабаршысы, Қазақстанның педиатрия және балалар хирургиясы, Денсаулык). Олардың ішінде үш мақала мен 16 тезис 5.0 – 7.0 импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған (Аllergology and immunology), аллергологияның өзекті мәселелері бойынша 10 әдістемелік нұсқаулар, мемлекеттік тілде «Балаларда кездесетін аллергиялық аурулар» туралы оқулық жарық көрген және Қазақстан Республикасында 130-дан астам аллерголог-иммунолог дәрігерлері дайындалған.
Кафедра қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда (ҚазҰМУ Хабаршысы), тезистер жинағында 70-тен астам мақала жарияланды.
Кафедра Қазақстан Республикасында алғаш рет молекулалық аллергиялық диагностиканың заманауи әдістерін енгізді, резидентураға арналған оқу бағдарламасына қосылды.
2016 жылы кафедра университет ішілік гранты аясында «Тағамдық аллергиядағы метаболикалық өзгерістер» тақырыбындағы ғылыми жобаны жүзеге асырды, оның барысында тағамдық аллергиясы бар науқастардың метаболизмдік профилі анықталды.
Қазіргі уақытта кафедра С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ БҚ ғылыми жобасына «Қазақстан Республикасында 2020-2022 жылдарға жекелеген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» тақырыбымен енгізілген.
Кафедраның қызметкерлері клиникалық базаларда біршама клиникалық жүктемені атқарады, ғылыми жұмыстармен айналысады, аллергологияда және иммунологияда тәжірибелік денсаулық сақтауға жаңа әдістерді енгізеді. Олар клиникалық базаларда дәрігерлермен бірге ғылыми мақалаларды жариялайды.