Кафедра тарихы

С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті №3 акушерство және гинекология кафедраснының ұйымдастырылу тарихы

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен 2009ж акушерия және гинекология кафедрасы құрылды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі және ұйымдастырушысы –медицина ғылымдарының докторы, профессор Құдайбергенов Талғат Капаевич.

2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылға дейін-кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Ақтаева Л.М.

2017жылдан бастап кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Миреева Алла.

Кафедраның клиникалық базасы ШЖҚ МКК«№1 Перзентхана», Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы (АГжПҒО), Қалалық перинатологиялық орталығы (ҚПО), АККҚА, ШЖҚ МКК ҚП №15, ҚКА №4, Алматы регионарлық онкологиялық диспансер, Қалалық адам ұрпақтандыру орталығы, Профессор Мустафаевтың клиникасы, ШЖҚ МКК ҚП №29, ШЖҚ МКК ҚП №34, сонымен қатар республиканың әр облысындағы перинаталдық орталықтар болып табылады.

Қазіргі кезде кафедраның негізгі клиникалық базасы ШЖҚ МКК«№1 Перзентхана». Босану үйінде 5 клиникалық бөлімше жұмыс істейді: акушерлік патологиясы және қабыну аурулары бар жүктілерге арналған бөлімше; перинотология бөлімшесі; гинекология бөлімшесі; анестезиология және реанимация бөлімшесі; лаборатория.

АГжәнеПҒО -да 27 ғылыми және клиникалық бөлімшелер, сонымен қатар ғылыми бөлімдер мен лаборатория жұмыс істейді: ғылыми жоспарлау және акушерлік-гинекологиялық қызметін ұйымдастыру бөлімі, акушерлік патологиясы және қабыну аурулары бар жүктілерге арналған бөлімше,перинотология бөлімшесі; гинекология бөлімшесі;көмекші репродуктивті технологиялар бөлімшесі;анестезиология және реанимация бөлімшесі; биохимия, медициналық генетика, иммунология, эндокринология, цитология және патоморфология лабораториясы.

Орталықта профильді ғылыми бөлімдер және клиникалық бөлімшелермен қатар консультативті емхана, жаңа туылған балалар реанимациясы және интенсивті терапия бөлімі, жасанды инсеминация лабораториясы, физиотерапиялық бөлімі бар. Орталықтың ғылыми қызметі ана мен перинатологиялық аурушылдық және өлімді төмендету, жас аспектісіндегі репродуктивті денсаулықты қорғау үшінжоғары қауіп қатер тобындағы әйелдерді жүргізу тактикасы мен стратегисян дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда Орталықтың ғылыми әзірлемелері 4 басты бөлім бойынша орындалады: «Қауіпсіз аналық»; бедеу неке және репродуктивті функцияны қалыпқа келтіру; ҚР репродуктивті денсаулығының экологиялық репродуктология және медико-демографиялық аспектілері.

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Миреева А.Э. Оқу ісінің меңгерушісі – Мухаметова Э.Е.

Қазіргі таңда кафедрада 25 оқытушы,оның ішінде 4 медицина ғылымының докторы және 4 медицина ғылымының кандидаты еңбек етеді.

Соның ішінде:

– м.ғ.д. проф. Миреева А.Э., бөлім меңгерушісі

– м.ғ.д. проф. Мамедалиева Н.М., кафедра профессоры

– м.ғ.д. проф. Мустафаев С.У., кафедра профессоры

– м.ғ.д. проф. Максутова Д.Ж., кафедра профессоры

– м.ғ.к. Нургалиева Л.И., кафедра доценті

– м.ғ.к. Нурсейтова Л.А., кафедра доценті

– м.ғ.к. Абдыкалыкова Б.И., кафедра ассистенті

-м.ғ.к. Сармулдаева Ш.К., кафедрадоценті

Сонымен қатар ҚР облыстық перинаталдық орталықтардағы аймақтық клиникалық базаларда 4 кафедра ассистенті еңбек етеді.

Ай сайын 2 рет №1 перзентхана клиникалық базасында кафедра қызметкерлерімен кафедралық мәжіліс өткізіледі, ағымдағы тапсырмалар мен сұрақтарды талқылау, ұсыныстар мен пікір алмасу.

Оқыту 6-шы курс интернатурасы және 3 жылдық резидентура бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Интернатура және резидентураға дайындау кезінде үш түрлі оқыту түрі қарастырылған.

  • Оқытушы басшылығымен жұмыс
  • Білім алушының оқу уақытындығы өзіндік дәрігерлік жұмысы
  • Білім алушының аудиториядан тыс өзіндік қызметі

Оқыту түрлері

  • Білім алушының оқытушы басшылығымен тәжірибелік қызметі
  • Білім алушының оқытушы басшылығымен оқу уақытындағы өзіндік жұмысы
  • Білім алушының аудиториядан тыс уақытындағы аудиториядан тыс өзіндік қызметі
  1. Резиденттің оқытушы басшылығымен тәжірибелік қызметі
  • Таңертеңгілік, ғылыми-тәжірибелік, патолого-анатомиялық конференцияларға, аналық және перинаталды патологиягияның клиникалық талдауларына қатысуы.
  • Арнайыланған клиникалық бөлімдерде емдік жұмысы (жүкті әйелдердің курациясы, операцияларда ассистент болу және т.б.).
  • Білім алушының оқу уақытындығы өзіндік дәрігерлік жұмысы (базада):
  • таңертеңгілік конференцияда дәрігерлік бригаданың тәуліктік жұмысына есеп беруі;
  • дәрігер-интерндер мен резиденттердің арнайыланған клинико-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттерде жұмысы;
  • медициналық құжаттарды жүргізуі;
  • клиникалыкталдауға, профессордың, доценттің қарап тексеруіне науқастарды дайындау;
  • дәрігерлік конференцияға тақырыптық хабарламаларды дайындау;
  • Презентация дайындау;
  • Оқу- клиникалық орталығындағы фантомдар мен муляждарда дағдыларды нығайту;
  • Ғылыми қадам басу мен кәсіби біліктіліктке үйрету;
  • Ғылыми профилактикалық конференциялар мен акушер- гинекологтар қоғамына қатысу;
  • ЕАБ бөлімшесіндегі есеп беруге қатысу;
  • Тәжірибелік дәрігердің санитарлық- ағарту жұмыстарына қатысу;
  • Портфолио жасау.
  1. Аудитордын тыс өзіндік біліктілік (оқудан тыс уақытта):

– отандық және шетелдік арнайы әдебиеттерді оқу;

  • Ауқымды тақырыптарға реферат және баяндама жасауға дайындалу және қатысу;
  • Медициналық математикалық негіздерді ұғыну;
  • Жеке компьтерде жұмыс істей білу;
  • Медициналық ақпарат көздерімен жұмыс істеу (кітапханаларда, интернет-залдарда);
  • Жобаларды дайындау (аналитикалық матрица, виртуалдықжоба);
  • Клинкадағы дәрігерлік кезекшілік .

Резиденттердің білімін бағалау мынадай формада жүргізіледі:

  • Ағымдық (емтихан)
  • Жарты жылдық аттестация
  • Аралық аттестация
  • Қорытынды аттестация
  • Резиденттермен интерндербілім бағдарламасына кіретін әр дисциплинадан кейін емтихан тапсырады, сонымен қатар резидентурада жарты жылдық аттестация қаралған. Оқу жылы аяқталған соң резиденттер Аралық аттестация тапсырады.Қорытынды мемлекеттік аттестация резидентура бағларламасы аяқталған соң өткізіледі.

Кафедрада оқу процесін ұйымдастыруда заманауи әдістер кеңінен қолданылады.