Оқу әдістемелік жұмыс

Оқу әдістемесі бойынша кафедра жұмысына мыналар кіреді: комплекстік- әдістемелік нұсқаулықпен оқу процессін қамтамасыз ету; кафедра оқытушыларының сабаққа түсіністікпен қатысуы; инновациялық оқу әдістемесі; оқу-әдістемелік құралдарын шығару, интерн-дәрігерлердің өзіндік жұмыстары; тәжірибелік практика, ПМҚ біліктілігін жоғарылату. Оқыту әдістемелік жоспарында кафедра оқытушылары әдістемелік құралдар, нақты пәндер белгіленген силлабустармен оқу әдістемелерін, MSQ бойынша тесттік тапсырмаларды құрастыру, ситуациялық есептер, барынша клиникалық жағдайға негізделеді.

ҚазҰМУ тәжірибелік орталығында кафедра қызметкерлері тәжірибелік сағаттарын жүргізеді, онда интерн-дәрігерлер науқастарға шұғыл медициналық көмек тәжірибесін үйренеді.

Қазіргі таңда кафедрада 9 профессор, 8 доцент, 9 ассисент жұмыс жасайды. Кафедраның негізгі базасы ҚР кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, ОҚКА, ҚР БІЖМО ішкі аурулар клиникасы, Шұғыл көмек көрсететін аурухана, Орталық клиникалық әскери госпиталь, №7 Қалалық клиникалық аурухана.

Кафедраның оқу-әдістемелік құжаттары кафедра жиналысында талқыланып бекітіледі. Әр оқытушының КДОӘ, әр тақырыпқа силлабустар бар.