Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра Ресей, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Түркия, Корея, Германия, АҚШ, Литва орталықтарымен ынтымақтасады.

Халықаралық ынтымақтастық мынадай ұйымдармен шарт негізінде іске асырылады:

– Литва денсаулық ғылымдары университеті (Литва, Каунас қ.)

Жүрек, кеуде және қан тамырлары хирургиясы клиникасы. Жетекшісі проф. Римантас Бенетис.

— 2012 жылдан бастап “BURCMEDICAL”ЖШС-мен(Түркия) бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласында ғылыми ақпараттық алмасу бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы мен іс-шаралар іске асырылуда.

– “Ospedate del cuore, fondazionetoskana Gabriele Monsterio, Massalia” Университеті (Италия)

Жыл сайын Литва, Италия, Түркия, Ресей, Германия, АҚШ, Корея мамандарының қатысуымен мастер-класстар өткізіледі.