«Төтенше жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2016 жылы сәуірдің бірінші жұлдызында Б.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина институты конференц залында , лабараторлы диагностика және молекулярлы медицина кафедрасында ұйымдастырылған интерн терапевттер арасында «Төтенше жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Кафедра меңгерушісі,профессор М.Рысулы сәлем сөзбен бастады. Конференцияны 6-04-01 тобының интерні Джакашев Даурен жүргізді. Тыңдаушы ретінде қонаққа Фармация факультеті 4 курс студенттері оқытушы Т.Н.Парманқұлованың жетекшілігімен келді.

Келесі баяндамалар ұсынылды:

  1. «Миокард инфарктісі кезіндегі зертханалық диагностикалық өзектілігі» – Матеева Дана, 613-01 тобы;
  2. «Жіті коронарлық синдромның зертханалық диагностикалық заманауи аспектілері» -АсылбековаАйдана, 613-01 тобы;
  3. «Жедел бауыр жетіспеушілігінің заманауи диагностикасы» – Караулов Ерик, 604-02тобы;
  4. «Жедел бүйрек жетіспеушілігінің өзекті диагностикалық аспектілері» – Ергебекова Айнур, 604-01 тобы;
  5. «Паренхиматозды тыныс жеткіліксіздігінің заманауи диагностикалық аспектілері» – Ошанова Айман, 613-02 тобы;
  6. «Өткір улану кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» – Сидикалиев Шавкат, 604-01 тобы;
  7. «Кардиохирургия тәжирибесіндегі тыныс жеткіліксіздігінің лабараторлы диагностикалық өзектілігі» – Сариева Айдана, 613-02 тобы;
  8. «Сепсис және септикалық жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» – Сагындыков Марат, 604-01 тобы.
  9. Қазылар алқасы мүшелері:Болеханова Эльмира, 604-02 тобы, Турсунов Пархат, Молбасынова Улжан – 613-02тобы. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік баяндаушылар: Ергебекова Айнур, 604-01 тобының интерні «Жедел бүйрек жетіспеушілігінің өзекті диагностикалық аспектілері» баяндамасымен, Сидикалиев Шавкат, 604-01 тобы «Өткір улану кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» баяндамасымен, Караулов Ерик, 604-02тобы «Жедел бауыр жетіспеушілігінің заманауи диагностикасы» –баяндамасымен таңдалды.

Конференция жоғары дәрежеде, төтенше жағдайлардағы лабораторлы диагностика аспектілерін активті талдаумен өтті.Конференция қатысушылардың бәріне сертификат берілді.

Ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияны профессор М.Б.Жангелова мен ассистент А.С. Садвакас қорытындылап, студенттерге сертификаттар тапсырды.