С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕРЛЕР ДАЙЫНДАУ №3 КАФЕДРАСЫ

Интернатура және резидентура жалпы тәжірибелер дәрігерлер дайындау №3 кафедрасы 2012 ж. МҚКҚМ «Қалалық емхана №20» базасында құрылды (№ 25 бұйрық 06.10.2012ж. ОК шешімі № 1 хаттамасы 31.08.12ж.).

12012 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып, доцент Акажанов Н.А. қызмет атқарады. Ол Европалық урологтар ассоциациясының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты. 2011 жылы «Жылдың үздік дәрігері» Алматы қаласында атағын алды, «Денсаулық сақтау ұйымының ең үздік қызметкері» энциклопедиясына енген, 2012 жылы «Д.А. Кунаевтың 100 жылы» мерейтойына арналған медалімен марапатталған. 2012 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ұйымының ең үздік менеджері» атағына ие.

Кафедра құрамында – 3 доцент, 6 медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші және жоғары медициналық санаттағы дәрігерлер.

Кафедра қызметкерлері тәжірибелі денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлерімен бірлесе отырып, инновационды және ғылыми жобаларды жүргізуде; дәрігерлер, интерндер, резиденттер үшін шеберлі-класстар жүргізіледі.

Кафедрада «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша интерндер мен резиденттер дәріс алуда.

Интерндердің ғылыми жобаларына дайындық жүргізілуде.

2