«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

2013 жылдың 13-ші желтоқсаны күні Алматы қаласы №7 Қалалық Клиникалық Ауруханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, Медицина Жоғарғы Мектебінің 6 курс, хирург-интерн, қазақ топтарының атсалысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шарамыздың мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Іс-шарамыздың тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып,- отандық, тәрбиелік,патриоттық өлеңдермен жалғасты.

Ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да сол бір қиын сәтті арнайы дайындалған бейнематериалдардың көркемдеуімен еске алдық.

Сахнада Қайрат Рысқұлбековтың 1986 жылдың қара суық желтоқсаны кезінде бастан өткізген сағымдай өмірінің сырлы сәттерін бейнелейтін хирург-интерндердің орындауымен қысқаша көрініс ұсынылды.

Іс-шарамыздың қонақтары: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің №2 хирургия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі Баймаханов Болатбек Бимендеевич, доценттері Жуловчинов Марат Уразайулы, Нам Чун Ель, Атантаев Алибек Балабекович ; ассистент Мусабаев Нурлан Халыкулы.

 

Іс-шараға атсалысқан хирург-интерндер:

Кемелов Нурлан Нургалиулы

ЖумабековаКорлан Нуртаевна

Абдыкадыров Мажит Куликович

АбеновДосбол Оразбекович

КалдыбековДаурен Болатұлы

Назаров Бекбол Ерболович

АгмановБауыржан Асилханулы

МагазоваАйжан Русланқызы

АсембекқызыБостангуль

ДуйсеноваЖанат Алтынбекқызы

Рахимов Берик Аскарович

 

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 27 жыл толуда.

Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын.