8 наурыз

7.03.2013ж. №2 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасында ЖМ 4 курс (топ 030-1,2, 032-1) доц. Хитуова Л.К., асс. Кисленко А.В.–ның жетекшілігімен 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арнап тәрбие сағаты өткізілді. Студенттер жетекші-мұғалімдеріне арнап баяндама, өздері жазған өлең жолдарын оқыды (032-1 топ студентті Сулейманов Дулатбек). Оқытушылар студенттерге алғысын айтып, игі тілектерін білдірді, сыйлықтар (Казахстан Педиатрия және бала хирургиясы журналы). Өтілген шара студенттер мен мұғалімдер қауымы жағынан үлкен қызығушылықпен, есте қаларлықтай болды.