№2 ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРАЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

№2ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРАЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

1

Айдаргалиева Назипа Ермухамбетқызы

медицина ғылымдарының докторы., профессор

кафедра меңгерушісі

Заведующий кафедрой

доктор медицинских наук., профессор

NazipaAidargaliyeva

Doctor of Medical Sciences, professor

Head of Department

Кафедра меңгерушісі — медицина ғылымының докторы, профессорАйдаргалиева Назипа Ермухамбетқызы, жоғары санатты дәрігер кардиолог, Жүрек шамасыздығы бойынша Кардиологтар Еуропалық Қоғамының мүшесі, Жүрек–тамыр профилактикасы мен реабилитациясы бойынша Кардиологтар Еуропалық қоғамының мүшесі, ҚР кардиологтары Ассосациясы президиумы мүшесі. Медициналық білім беру және денсаулықсақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазҰМУ–ң мақтау грамотасымен, күміс медальмен, ҚР ДС «Денсаулық сақтау жұмысына қосқан үлесі үшін кеуделік белгі» кеуделік белгісімен марапатталған.

Кафедра 2003ж. құрылған. Оқу және емдеу жұмыстары кафедраның клиникалық базалары– Алматы қаласы Қалалық Кардиология Орталығы және №7 Қалалық клиникалық ауруханада, интерндердің көшпелі тәжірибесі ҚР әр түрлі аудандарында жүргізіледі. Кафедра ПОҚ -1 доктор және 5 медицина ғылымы кандидаты, 1 ассистент –терапия және кардиология саласында жоғары санатты дәрігер және аса тәжірибелі педагог. Олар: завуч, доцент, м.ғ.к. Джубанова Г.И, доцент, м.ғ.к. Жданов В.В, доцент, м.ғ.к. Камалова Б.Б, ассистент, м.ғ.к. Нукутова Б.Т, ассистент, м.ғ.к. Абенова А.Т, ассистент Махмудова А.К. Олар жыл сайын 3 мыңнан астам ауыр науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсетеді. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежелілігі 86% құрайды.

Қазіргі талаптарға сай оқу үрдісінде кафедра қызметкерлерімен инновациялық және интерактивті оқу әдістері: ТВL, СВL тәрізді, аз топтарда жұмыс, «дөңгелек стол», «милық шторм» тәрізді интерактивті оқу әдістері кеңінен қолданылады.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысына аса мән беріледі. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыты — жүрек-тамыр ауруларын емдеу, диагностикалау, алдын алу және реабилитация жұмыстарын жетілдіру. ПрофессорАйдаргалиева Н.Е. «Circadian blood pressure profile in patients with decompensated chronic pulmonary heart in combination with arterial hypertension”тақырыбындағы постерлік баяндамасы 2015 жылы Лиссабонда өтетін Еуропалық конгресс «EVRO PREVENT 2015» қабылданды. Қазірде кафедрада «Миокард реваскуляризациясынан кейінгі жүрек шамасыздығын ерте анықтау және оның одан әрі өршуінің алдын алу» бойынша ЖООішілік ғылыми зерттеу проекті орындалуда.

Ғылыми жұмыстарға интерндер мен резиденттер белсене араласады, кафедра қызметкерлері басшылығымен Республикалық және Университеттік студенттік конференцияларда сыйлы орындарды иеленді, ал 2008 ж. Студенттерғылыми жұмыстарының Республикалық конкурсында ҚР оқу Министрлігінің3-шідәрежелі дипломымен мадақталды. Кафедрада профессор Айдаргалиева Н.Е. жетекшілігімен «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторант оқиды, ғылыми зерттеу жұмысы тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы перипартальды кардиомиопатия».

Шет ел ғылыми ұйымдарымен ынтымақтасуды дамыту аясында университеттің клиникалық базаларында аритмология сұрақтары бойынша ҚырғызстанРеспубликасы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорыпрофессор Джишамбаев Э.М. мастер-класстар өткізді. 2013 жылы доцент Камалова Б.Б. «Ихилов» (Тель-Авив, Израиль) медициналық клиникасында «Гастроэнтерология және гепатология»мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы бойынша 6-айлық ғылыми тағылымдама өтті.

2