С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Аллергология» модулі

«Аллергология» модулі 2012 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Оқу кеңесінің шешімімен құрылды.

 

Қазіргі таңда «Аллергология» модулінің құрамында 3 клиникалық база жұмыс атқаруда:

  • МКК «№1 Қалалық клиникалық емхана»
  • МКҚК «№7 Қалалық балалар емханасы» ішіндегі Қалалық балалар аллергоорталығы (ҚБАО)
  • «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық емханасы.

1

Модуль жетекшісі — медицина ғылымының докторы, профессорИспаеваЖанат Бақытқызы. ҚР ДМ бас штаттан тыс балалар аллергологы. Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі (EAACI).

«Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің ұздігіне» белгісімен марапатталған,

Аллергология төңірегіндегі әлемге танымал жақын және алыс шетелдегі жетекші мамандардың қатысуымен жыл сайынғы өтетін халықаралық «Демікпе және аллергия» конференциясының ұйымдастырушысы.

«Аллергология» модулінде 7 қызметкер жұмыс атқарады: оның ішінде – 1 медицина ғылымының докторы, 1 медицина ғылымының кондидаты, доцент, 3 жоғары біліктілік дәрежелі аллерголог дәрігерлер, 2 бірінші біліктілік дәрежедегі аллерголог дәрігерлер және 1 аллерголог дәрігер мамандар бар. «Аллергология» модулінің барлық қызметкерлері жоғары тәжірибелі педагогтар, аллергологияда және медициналық білім беруде жоғарғы және бірінші дәрежелі теориялық және тәжірибелік біліктілігі жоғары мамандар жұмыс атқаруда. Студенттер жергілікті және жалпы аллергология негіздерімен, аллергология саласындағы соңғы жетістіктермен және аллергиялық ауруларды емдеу мен диагностикалаудағы тәжірибелік дағдылар бойынша оқытады.

 

Айына 2 рет қызметкерлер арасында модуль ішілік жиналыс өткізіліп тұрады, ағымдық тапсырмалар мен сұрақтарды, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалады.

 

Барлық клиникалық базаларында «Аллергология» модулінің қызметкерлері аллергиямен ауыратын науқастарға емдік-кеңестер береді.

Модульдің клиникалық базаларында интерндер арнайы диагностика тәжірибелік дағдыларын, аллергиялық аурулар кезіндегі функционалдық зерттеулерді, аллергоздар кезінде жедел көмек көрсету дағдысын меңгереді. Бакалавлар және интердер клиникалық талдауларда, тақырыптық конференцияларға, жыл сайын өтетін халықаралық «Демікпе және аллергия» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысады. Меңгерген құзіреттіліктерді бағалау 2 этаптық емтихан түрінде өткізіледі.