«С. Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналғанинтерн — педиатрлардың қатысуымен дөңгелек үстел»

2014 жыл қыркүйектің 29күні №1 педиатрия бойынша инретнатура және резидентура кафедрасында С. Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналғанинтерн — педиатрлардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Кафедрадағы тәрбие жұмысына жауапты ассистент Н.К. Есімова С.Ж.Асфендияровтың ерен еңбегін, жетістіктерін, медицина саласында көпқырлығын атап өтті.

Интерн-педиатрлар көптеген баяндамалар жасады, ғалымның өмір жолы, еңбек жолы туралы ақпараттарды және видеофильм көрсетті. Дөңгелек үстелөте қызықты өтті, болашақ дәрігерлерге үлгі-өнеге болды.