Профессор М.Е.Зельцермен кездесу кеші

18 сәуірде Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 70 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында терапия бойынша №1 интернатура және резидентура кафедрасы профессор М.Е.Зельцермен кездесу кешін өткізді. Кіріспе сөзбен тәрбие жұмысына жауапты профессор Ердесов Г.Е. және декан орынбасары Хабдин Қ.Е. мәлімдеме жасады. «Қоршаудағы Ленинград балалары» тақырыбы бойынша интерндермен презентациялар жасалынып, фильмдер көрсетілді, әндер шырқалып, өлең шумақтары оқылды. Профессор М.Е.Зельцер қоршаудағы Ленинград жайлы балалық шағы естеліктерімен бөлісті, отбасымен бірге АЛЖИР лагерінде өткізген шақтары жайлы әңгімелеп берді. Интерндермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және Қазақстандағы эндокринологиялық қызметінің ұйымдастырылу мәселелері жөнінде сұрақтар қойылды. Кездесуге қатысушылардың назарына профессор М.Е.Зельцердің кітаптары және Ұлы Отан Соғысы тақырыбана байланысты плакаттар көрмесі ұсынылды. Кездесу жылы, формальды емес жағдайда өтті.