Эндокринология кафедрасы

1

2009 жылдың 25 тамызында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кеңесінің шешімімен және ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақановтың бұйрығы бойынша алғаш рет эндокринология кафедрасы құрылды.

Кафедраның клиникалық базасы эндокринология және диабет орталықтары орналасқан ҚазҰМУ-дың №2 Ішкі аурулар клиникасы болып табылады.

Кафедраның негізгі мақсаты: эндокринология саласы бойынша студенттерге сапалы білім беру және дипломнан кейінгі білімін жалғастыру, жаңа білім беру технологияларын енгізу.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Абылайұлы Жангентхан.

Кафедра қызметкерлері – ұзақ жылдар бойы педагогикалық және ғылыми тәжірибелер жинақтаған эндокринологияның жоғарғы сапалы мамандары.

Кафедра ұжымында 2 профессор, 3 доцент, 2 ассистент, 1 оқытушы-стажера жұмыс істейді. Сонымен қатар 6 магистрант, 14 резидент білім алуда. Кафедра профессоры Нұрбекова А.А. ҚР ӘДДМ бас эндокринологы қызметін атқарады.

Кафедрада жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттеріне «Эндокринология» (ішкі аурулар) және «Эндокринология» (балалар аурулары) пәндері ББМС-2006 бойынша оқытылады, сонымен қатар жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттеріне «Қант диабеті мен қалқанша безі ауруларының диагностикасы мен еміндегі тәжірибелік дағдылар» электив пәні оқытылады. 2014 жылдан бастап алғаш рет кафедрада бакалавриат аясында 11 электив пәні бойынша дистанционды оқыту түрі енгізілді. Оқу бөлмелері интерактивті тақталармен, компьютерлермен, электронды оқулықтармен, таныстырушы стендтермен және эндокринолог дәрігердің жұмысына қажет құрылғылармен жабдықталған.

Кафедра қызметкерлері 2 монография, 5 оқулық жазып шығарды.

Кафедраның ғылыми жұмыстары дәстүрлік фундаментальді бағытта ғана емес (диабетология, тиреоидология, репродуктивті эндокринология), сонымен қатар жаңа: АПУД жүйесінің гормондарын зерттеу, цитокинотерапия және цитокинодиагностика, геронтология, эндокринология ауруларын емдеудегі бағаналық жасушалардың технологиясы сияқты өзекті мәселелерге бағытталған. Кафедрада бірнеше енгізу актілері мен қант диабеті, жайылмалы уытты жемсау, гипотиреоз бен диабеттік табан синдромын емдеу бойынша патенттер жасалған. Біздің тәжірибеміз тек елімізде ғана емес шет елдерде де мойындалған. Кафедра 2007 жылдан бері Жапонияның Нагасаки Университетімен белсенді ғылыми-тәжірибелік әріптес болып келеді. 2012 жылдан бері Қазақстанда алғаш рет SUNY Нью-Йорк университетімен бірлесіп МОДИ диабет диагностикасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

2