PhD Докторантура

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 15 тамыздағы заңына сәйкес (17.07.2009 ж.  өзгертулер мен толықтырулармен)  жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентура, магистратура және докторантураны біріктіреді (мақала 36. т.5.).

С.Ж.  Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина  университетінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау резидентурада, магистратурада және PhD докторантурада жүргізіледі, емханалық мамандықтар бойынша дәрігер-мамандарды тереңдетіп дайындау  резидентурада  жүргізіледі.

01.09.2009 ж. бастап енгізілген жоғары және дипломнан кейінгі  білім беру бойынша мамандықтардың жаңа классификаторына  сәйкес  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ лицензия алып PhD докторантура келесі мамандықтар  бойынша  кадрларды дайындауды жүзкеге асырады:

 

Докторантура (PhD)

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

  6D110200 қоғамдық денсаулық сақтау 3 жыл
  6D110400 фармация 3 жыл

7.Техникалық ғылымдар және технологиялар

  6D074800 фармацевтикалық өндірістің технологиясы 3 жыл

 

Докторантурада кадрларды дайындау екі бағытта жүзеге асырылады:

  • бейінді;
  • ғылыми және педагогикалық.

Мамандық бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл. Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға «доктор» академиялық дәрежесі беріледі      (таңдаған мамандығына сәйкес).

Ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға «философия докторы» (PhD)  академиялық дәрежесі беріледі (таңдаған мамандығына сәйкес).

1

(PhD) докторантура түсушілердің өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап  20 шілде  аралығында жүргізіледі.

Түсу емтиханды:  1 тамыздан -20  тамыз аралығында жүргізіледі, оқуға қабылдау  31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

(PhD) докторантураға тапсырушы азаматтар төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша  (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

(PhD) докторантураға тапсырушы шетел азаматтары, төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша  (орыс және қазақ (оқу тілі);

2) мамандық бойынша.