Кафедра туралы

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Амангелді көшесі, 88 (Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы)

Кафедраның байланыс ақпараты: +7 727 272-68-00, [email protected]

Білім беру бағдарламалары: Интернатура және резидентура – PN6 (7) 313 ЖТД интерндер 6 курс, бірінші және екінші оқу жылы резиденттері.

 

Кафедра тарихы

Алғашқы кафедра меңгерушісі 1935-1936 жылдар аралығында психиатрия ауруханасының бас дәрігері Д. Каменецкий болды. Одан кейін 1947 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып В.Н. Серафимов тағайындалды. 1947-1954 жылдар арасында белгілі ғалым профессор А.П. Штесс басқарды.

1956 жылдан бастап 1990 жылға дейін кафедраны профессор Г.И.Зальцман басқарды. 90 ғылыми жұмыстың, соның ішінде – «Тетурамовые психозы» атты монографияның авторы. Оның жетекшілігімен көптеген докторлық және кандидаттық диссертациялар жазылды. «Основные психические заболевания», «АМН СССР проблемалық комиссиясының» мүшесі қызметін атқарды. «За доблестный труд» медалімен, «Отличник здравоохранения СССР» значогымен марапатталған.

1990 жылдан 2000 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметін Ғ.М.Құдиярова атқарды. Ғ.М. Құдиярова 5 оқулықтың авторы, 200-ден астам ғылыми еңбектері баспаға басылып шығарылды. Оның жетекшілігімен 10 кандидаттық диссертация қорғалған. Көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасының бас психиатры қызметін атқарды, президент ретінде Қазақстан психиатрлары ассоцациясын басқарды. «За трудовое отличие» медалімен, «Отличник здравоохранения РК» значогымен, ҚазҰМУ-ң алтын медалімен марапатталған.

2001 жылдан 2002 жыл аралығында кафедра меңгерушілері м.ғ.д. Ю.Т.Жангельдин және м.ғ.д. Н.Т. Измаилова болды. 2002 жылдан 2008 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д. С.Ә.Нұрмағамбетова атқарды.

2008 жылдан 2012 жыл аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы,профессор С.А.Алтынбеков басқарды.100-ден аса ғылыми публикацияның авторы,оның жетекшілігімен 4 кандидаттық және бір докторлық диссертация орындалды.Алтынбеков С.А. психиатриялық ассошциацияның президенті,сонымен қатар ҚР ДМ штаттан тыс бас психиатры болып табылады.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентура кафедрасы құрылды.Кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы,профессор Джарбусынова Ботагоз Бинешевна болып табылады.

Халыққа медициналық қызмет көрсетудің жүргізіліп жатқан реформасы алдыңғы қатарға жалпы тәжірибелік дәрігерді қояды.Соған сәйкес Қазақстандағы жоғары медициналық білім беру бағыты да өзгереді. Жалпы тәжірибелік дәрігер сәйкес арнайы мамандарға жолдайтын жай диспетчер рөлінде емес (емхананың участкелік дәрігерлері жиі жасайтындай),адам патологиясының әртүрлі салаларына бағдарланған,науқастардың кең контингентіне тиімді көмек көрсете алуы керек.Егер дәрігер дайындығына осы жағынан қарайтын болсақ,студенттердің психиатрия бойынша бесінші курста алған білімдері расында жеткіліксіз екенін мойындамауға болмайды,өйткені психиатрия бойынша бағдарлама өзіндік жұмысқа дайындауға емес,пәнмен жалпы танысуға есептелген. Соған сәйкес жалпы тәжірибелік дәрігердің дайындығы интернатура кезінде психиатриядан қосымша сабақтарды талап етеді,және бұл жолы тәжірибелік,қолданбалы сұрақтарға басымдық берілу керек (әрине,студенттің психиатриядан бесінші курста алған жалпы мәліметтерге сүйеніп).

Кафедраның жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылық құрамы – профессор м.ғ.д. Б.Б. Джарбусынова, доценттер Ю.И. Беспалов, Л.Ю. Беспалова, М.Ш. Джамантаева., ассистенттер А.А. Сулейменова, В.С. Бойко, А.Е. Жексембина, А.С. Ситаканова, А.А. Ашимов, В.С. Красникова.

Осы уақыт кезеңінде үлкен әдістемелік жұмыс жасалды – психиатрия мен наркология бойынша студенттерге, интерндерге арналған типтік бағдарламалар құрылған, сабақ беруден мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік негізі жетілдірілді (мультимедиялық демонстрациялық материал). Аудио- және бейнеоматериалдар, интерактивті техникаларды қолдану арқылы сабақ берудің қазіргі кездегі әдістері енгізілген.

 

КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

ДЖАРБУСЫНОВА БОТАГӨЗ БИНЕШҚЫЗЫ

Медицина ғылымдарының докторы, профессор,

Жоғары категориялы психиатр дәрігер.

ҚР бас психиатры қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық саласында жұмыс атқарушы мамандар Қаумдастығының мүшесі

Рабочий телефон 272-68-00

Еmail: [email protected], [email protected], [email protected]

 

Жоғары медициналық білімі бар, АММИ 1989 ж. Емдеу ісі. Институтты қызыл дипломмен бітіргеннен кейін, аталған жоғары оқу орнының психиатрия кафедрасына клиникалық ординатураға оқуға түседі. «Психиатрия» мамандығы бойынша 1993 жылға дейін білім алған. 1993 пен 1996 жылдар аралығында АММИ Психиатрия кафедрасында аспирантурада білім алған. Оның нәтижесі: «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда кездесетін психикалық бұзылыстар және олардың гемодиализ үрдісі кезіндегі динамикасы» атты диссертацияның сәтті қорғалуы болып табылады. 1997 жылдан бастап АММИ психиатрия кафедрасының ассистенті қызметіне алынады, 2002 жылдан бастап доцент қызметіне ауысты. 2003 жылы ҚазҰМУ докторантурасының тізіміне психиатрия, наркология және психотерапия кафедрасы атынан енді. ҚазҰМУ докторантурасында 2006 жылға дейін оқыды. Оқуын аяқтағаннан кейін «Қазақстан Республикасы тұрғындарының психикалық денсаулығының заманауи жағдайы» атты диссертациясын қорғады. Оның ғылыми жетекшілгі арқылы медицина ғылымының кандидаты ғылыми атағын иелену туралы, 14.00.18-психиатрия мамандығы бойынша диссертация қорғалды.

2012ж.бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия және наркология бойынша қайта құрылған интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі болып табылады.

Зерттеулерінің негізгі ғылыми бағыттары:

Психикалық денсаулық, оны қорғау және қуаттандыру, алдын алу, психогигиена, психосоматикалық және наркологиялық бұзылыстардың психотерапиясы, балалар-жасөспірімдер психиатрия және психотерапиясы.

Республикалық және халықаралық симпозиумдарға белсенді түрде қатысады (Мадрид, Тенерифе, Афины, Барселона, Ницца, Зальцбург, Вена). Бүкіләлемдік психиатриялық қаумдастықтың жас психиатрлар премиясының 3 мәрте жүлдегері болды (Мадрид, Гамбург, Каир).

Ғылыми мақалалары – 87 жұмыс, соның ішінде 6 мақала шетелдік боп табылады.

  • Шетелдік мақалалар;
  1. «Some aspects of correlation of mental and psychologic health of population of Kazakhstan.»Каир, қыркүйек 2005 «13 Бүкіләлемдік психиатрлар конгресінің материалдарында» 10-15, Египет.
  2. «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында психикалық және психологиялық денсаулықтың 2003 жылғы эпидемиологиялық зерттеулер бойынша арақатынасы». Мәскеу 2005 Ресей психиатрларының 14 съездінің еңбектер жинағы.
  3. «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында психикалық және психологиялық денсаулықтың халықтың соматикалық денсаулығымен арақатынасының кейбір аспектілері» Томск 2005. Журнал Сибирский вестник психиатрии и наркологии , № 4(38)
  4. «Жоғары дәрежелі психологиялық денсаулығы бар тұрғындардың 2001 жылғы эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы» Алматы 2005. Қоғамдық денсаулық туралы ғылыми-тәжірибелік Орталық Азия журналы, Том 4, № 1
  5. «Төмен дәрежелі психологиялық денсаулығы бар тұрғындардың 2001 жылғы эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы» Алматы 2004. Қоғамдық денсаулық туралы ғылыми-тәжірибелік Орталық Азия журналы, , Том 3, №3
  6. «Some aspects of mental health of population of Kazakhstan» The journal of the association European Psychiatrists 16th AEP Congress Nice 5-9 April 2008 .P.S275.B.Jarbussynova.

Психиатрия бойынша 2 оқулықтың авторы болып есептеледі..

  1. «Психиатрия» қазақ тілінде (профессор Кудьярова Г.М.бірлесе авторлықта) – 2012ж.
  2. «Психиатрия для врачей общей практики» – 2013ж.