Кафедра құрамы

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Беркінбаев Сәлім Фахатұлы. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. Н.И. Пирогов атындағы 2-Мәскеу мемлекеттік медицина институтында кардиология мамандығы бойынша клиникалық ординатура мен аспирантураны және А.Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында кардиология бойынша докторантураны тәмамдады. А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қантамырлары хирургиясы ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді; Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының ДЖФ терапия кафедрасының меңгерушісі; М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры; Астана қаласы Республикалық клиникалық аурухана директорының бірінші орынбасары. Бес жыл бойы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры болды. 2018 жылдың шілдесіне дейін 10 жыл Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутын басқарды. Одан әрі 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін. ҚазҰМУ клиникалық қызмет жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. С.Ф. Беркінбаев 300-ден астам басылымның, 5 монографияның авторы болып табылады. Хирш – 9 индексі бар. «Қазақстан кардиологтар қауымдастығы» АҚ президенті. Терапевтердің Еуропалық қауымдастығы алқасының мүшесі. Еуропалық кардиология қоғамының мүшесі. Дүниежүзілік жүрек ұйымының мүшесі. «Терапевтический вестник» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы. «Ішкі медицинаның Еуропалық журналы» (Мәскеу қ.) редакция алқасының мүшесі. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Ресей Федерациясының Қоғамдық сыйлықтар ұлттық комитетінің Ломоносов орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл медалімен, 2023 жылы Республика күніне арналған «Құрмет» орденімен, 2023 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын медальмен» марапатталды. 2018 жылы Беркінбаев С.Ф. оқуды аяқтап, сертификат алды: Certificate of Completion of Medical University Leadership&Management Training at Duke University School of Medicine. Duke. Global Health Innovation Center. USA, Durem. Сондай-ақ 2018 жылы оқуды аяқтады. Leadership Development Program for State Healthcare Institutions. NazarbayevUniversity. Astana.

Кафедра профессоры – медицина ғылымдарының докторы, ассоциацияланған профессор Джунусбекова Гульнара Алдешовна. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. ҚР ДСМ Қазақ кардиология ҒЗИ клиникалық ординатурада білім алды. Алматы облыстық клиникалық ауруханасында кардиолог-дәрігер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала республикалық ғылыми орталығында кардиолог-дәрігер, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кардиолог-дәрігер болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ АГ, миология және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болды. 14.00.06- кардиология, 14.00.05 – ішкі аурулар шифры бойынша «Артериялық гипертониямен ауыратындарда эндотелиге тәуелді вазодилатация» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.

ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында докторантурада білім алды. 14.00.06 – кардиология, 14.00.05 – ішкі аурулар коды бойынша «Артериялық гипертониядағы кардиоренальды синдром» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бұдан әрі ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасады. 2011 жылдан 2016 жылға дейін – ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының кардиология және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан 2018 жылдың қазан айына дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының стратегиялық даму және ғылым жөніндегі орынбасары. Осыдан кейін Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ревматология курсы бар кардиология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 01.09.2019 жылдан бастап ҚазҰМУ кардиология кафедрасының профессоры. 300-ден астам басылымның, 3 монографияның авторы болып табылады. Хирша – 2 индексі бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Миокардтың жіті инфаргімен ауыратындарға көмек көрсетудің интеграцияланған үлгісін енгізу жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі. ҚР ДСМ жанындағы Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша Жұмыс тобының мүшесі. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және талдау жөніндегі Республикалық жұмыс тобының мүшесі. Кардиологтардың Еуропалық қоғамының мүшесі. Артериялық гипертония бойынша Еуропалық қоғамының мүшесі. Қазақстан кардиологтары қауымдастығының вице-президенті. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандардың қоғамы» ҚБ Президенті. Қазақстан терапевтері қауымдастығының президенті. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тундыбаева Мейрамгуль Капсиметовна – медицина ғылымдарының докторы, кафедра профессоры. «Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық профилактикасы мамандарының қоғамы» ҚБ вице-президенті, Қазақстан кардиологтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан терапевтер қауымдастығының, ESC (Кардиологтардың еуропалық қауымдастығы) мүшесі. Ғылыми қызығушылықтары: кардиология, терапия, клиникалық фармакология. 200-ден астам ғылыми басылымның, оның ішінде шетелдік патенттер, дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдардың авторы. Тундыбаева М.К. 2015 ж. Резидентура бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандартының және «Кардиология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша резидентураның үлгілік кәсіби оқу бағдарламасын әзірлеуші, сондай-ақ ҚР ДСМ бекіткен 2017 ж. «Кардиология» мамандығы бойынша медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үлгілік бағдарламасын әзірлеушіболып табылады.

Кафедра профессоры – медицина ғылымдарының докторы, PhD, доцент Уразалина Сауле Жаксылыковна. 1987 жылы И.М. Сеченов атындағы 1-ші Мәскеу медициналық институтын бітірді. 1987-1988 жж. Алматы облыстық клиникалық ауруханасында терапия бойынша интернатурасында білім алды. Алма-Ата облысы Бурундай аудандық ауруханасында учаскелік терапевт, Алма-Ата клиникалық жедел жәрдем ауруханасының кардиология бөлімінде кардиолог дәрігері болып жұмыс істеді. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің терапия кафедрасының «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша 2 жылдық клиникалық ординатураны бітірді. 1994-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті ІБ Орталық клиникалық ауруханасының функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері болып жұмыс істеді. 2006 жылы Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. «Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені» ФМБМ-де күндізгі бөлімде докторантураны аяқтады, Мәскеу қ. (2009-2012). 2013 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2013 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қ. Кардиология және ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру департаменті функционалдық диагностика курсымен кардиология кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ кардиология кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2020). 1 оқу құралының, 2 монографияның, 50-ден астам басылымның авторы. Scopus жүйесіндегі Хирша=4 индексі бар. «Қазақстан кардиологтары қауымдастығының», «Ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының» мүшесі, Еуропалық кардиологтар қауымдастығының Қазақстан бойынша үйлестірушісі.

Кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санатты кардиолог Ибакова Жанар Онгарбаевна. Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік медицина институтында «Кардиология» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ артериялық гипертензия, миология және жүрек жеткіліксіздігі бөлімінде ғылыми қызметкер, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру департаменті кардиология кафедрасында және кардиология курсының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. ҚРМУ ҰББ мекемесі аға ғылыми қызметкері. 20-дан астам басылымның авторы. «Қазақстан кардиологтар қауымдастығы», «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактикасы мамандары қоғамы» ҚБ мүшесі.

Кедельбаева Камиля Маратовна – ассистент, кафедра меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог, «кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша белсенді маман сертификаты бар. 2001-2007 жж. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу факультетін үздік бітірді. Одан кейін терапия бойынша тағылымдамадан өтті. 2011-2014 жылдары «Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша резидентураны сәтті аяқтады. Резидентураны тәмамдаған соң, 4 жыл бойы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2022 жылы «ҚазҰМУ» КЕАҚ «Медицина» бойынша докторантураны бітірді. 10-нан астам басылымның, 6 куәліктің авторы. ҚР кардиологтар конгресінің, «Asfen Forum» жас ғалымдары байқауларының жүлдегері. Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі, «Қазақстан кардиологтар қауымдастығы» ҚБ мүшесі. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактикасы бойынша мамандар қоғамы» ҚБ мүшесі.

Утебалиева Дарья Джамбуловна – кафедра ассистенті, бірінші санатты кардиолог-дәрігер. 2014 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетін бітірді. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ «Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша резидентурада оқыды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру департаменті функционалдық диагностика курсы бар кардиология кафедрасының ассистенті болды. «ҚазҰМУ» КЕАҚ «Медицина» мамандығы бойынша докторантураны бітірді. «Қазақстан кардиологтар қауымдастығы» ҚБ-ның хатшысы және мүшесі. Еуропалық кардиология қоғамының мүшесі. Ресей кардиологиялық қоғамының мүшесі. «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактикасы бойынша мамандар қоғамы» ҚБ мүшесі.

Мухтарханова Диляра Мухтаровна, кафедра ассистенті, кардиолог-дәрігер. 2015 жылы «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ жалпы медицина факультетін бітіріп, 2017 жылы терапия бойынша интернатураны аяқтады. 2020 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология бойынша резидентураны бітірді. Сол жылы «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. Ол 2017 жылы Швейцарияда European Society of Hypertension Summer School шақырылды және қатысты. European Society of Cardiology, European Society of Hypertension мүшесі. 5 ғылыми басылымның, 4 оқу-әдістемелік құралының авторы және бірлескен авторы.