Оқыту және сабақ беру әдісі

Лекциялар (факультативтер): клиникалық жағдайларға негізделген кіші топтағы жұмыстар, тренингтер – ауқымды, проблемалық лекциялар.

Сабақ уақытындағы өзіндік жұмыстар:

  • Арнайыланған бөлмелердегі жұмыс (рентген-кабинет, компьютерлік томография, ЭКГ, УЗД және функциональді диагностика бөлімшесіндегі басқа да кабинеттер).
  • Науқасты клиникалық талқылауға, профессормен немесе доцентпен, кафедра меңгерушісімен таңертенгілік шолуға дайындау;
  • Медициналық құжаттама жүргізу;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары, кафедраның СҒҚ қатысу, ғылыми конференцияларға қатысу
  • Диспансеризация және профилактикалық тексерістерге қатысу;
  • Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына, симпозуимдарға, съездерге және т.б. қатысу;
  • Дәрігер үшін міндетті санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Дәрігер интерннің аудиториядан тыс жұмыстары:

  • Арнайы медициналық әдебиеттерді үйрену;
  • Электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс, соның ішінде Ғаламтордың медициналық порталдарымен, дербес компьютермен жұмыс жасау дағыдаларын жетілдіру.

 

Оқыту түрлері:

  1. Мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс;
  2. Оқу уақытындағы интерннің дәрігерлік өзіндік жұмысы;
  3. Дәрігер-интерннің аудиториядан тыс жұмыстары.

Мұғалімнің жетекшілігімен интерннің тәжірибелік қызметі:

Клиникалық шолуларға, консилиумдарға, клиникалық және патологанатомиялық конференцияларға қатысу;

Анестезия және реанимация бөлімшесінде, операциялық блокта, қабылдау бөлімінде жұмыс, (алдын ала қарастырылған диагностикалық бағдараламаларды орындау және медициналық құжаттамаларды жүргізу)