Фтизиопульмонология кафедрасы

1

АММИ-да өзіндік туберкулез кафедрасы 1935 жылы бөлініп шықты, приват-доцент қызметіне жас оқымысты, қазақ және орыс тілдерінде жариялайтын Байгурин Әлжан Махмұтұлы тағайындалды, бірақ 1938 жылы ол саяси қуғын-сүргінге ұшырап кайтыс болды. Курс негізінде 1941 жылдың 12 қарашасында ХҚК КСРО жоғарғы мектеп істері Комитетінің бұйрығы бойынша кафедра құрылды.

Кафедраның бірінші меңгерушісі болып ҰОС жылдары Ленинград қаласынан жер аударылған профессор М.Р. Борок тағайындалды. Әр түрлі жылдары кафедраны ҚР еңбек сіңірген ғылыми қайраткерлері мен көрнекті дәрігерлері басқарды – копрофессор Зюзин В.И. (1943-1964), доцент Хасенов А.Н. (1964-1975), ҚР Жаратылыстану ғылымдары Академиясының Вице президенті және академигі, профессор Маскеев К.М. (1975-1996), ҒА, РМҒА, Гамбург медицина және профилактика академиясының, Польша медицина академиясының академигі, Қазақстан фтизиатрлар Қауымдастығының президенті Момынов Т.Ә (1996-2002). 2002 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д., профессор Рақышева А.С. басқарады. Кафедрада – академик Момынов Т.Ә., ҚР еңбек сіңірген ғылыми қайраткері профессор Маскеев К.М., медицина ғылымдарының докторы Бейсебаев Н.А., доценттер: Дүйсенбекова Б.С., Сыздықова Н.С., Күмісбаева Б.Т., Қасенова Л.Ш., Исаева А.Г., Мақұлбаева Ұ.Т., Еркенова Г.С., ассистенттер: м.ғ.к. Шацких В.В., м.ғ.к. Нұрқабаев Ч.Т., м.ғ.к. Есетова Г.У., м.ғ.к. Жазыбекова П.М., Әуелбекова Г.А., Жұмабаева Ш.К., Даутова Х.М., Сейітханова Н.Р., Репина Ю.В., стажер-оқытушы Ишингалиева А.Х., резиденттер Құнанбаева А., Тілешова А., лаборант Байжанова Г.С. жұмыс істейді.

Оқу барысында интерактивті оқыту әдістері – аздаған топтарда жұмыс істеу, «дөңгелек үстел» әдістері, «миға шабуыл», клиникалық жағдайды модельдеу, PBL, рөлдік ойындар, скейтч-ком кеңінен қолданылады. Оқу үрдісінің тиімділігін жоғарылату барысында жаңа ақпараттық технологиялар, электронды оқулықтар – «Туберкулезді анықтау және емдеудің халықаралық стандарттары», академик Т.Ә. Момыновтың клинико-рентгенологиялық атласы «Өкпе туберкулезі және оның салыстырмалы диагностикасы», видеобейнелер, оның бірқатары кафедра оқытушыларымен құрылған.

Сонымен қатар кафедра фтизиатрия бойынша дәрігерлердің дипломнан кейінгі біліктілігін жоғарылату, ЖТД дәрігер-интернтерді, терапевтерді, педиатрлар мен резиденттерді оқытумен айналысады.

Кафедрадағы ғылыми- зерттеу жұмыстары теориялық және тәжірибелік фтизиатрияның әртүрлі бағыттарында жүзеге асырылады. РК ҒТП ДСМ, Бірінші Президент Қорының гранты, ЖОО арасындағы гранттар (Профессор Рақышева А.С.), Колумбия Университетінің Орталық Азиядағы жахандық денсаулық сақтауды зерттеу Орталығының гранты ( профессор Момынов Т.Ә.) ұтып алды.

Кафедра қызметкерлері оқу-педагогикалық үрдісімен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ғылыми жұмыстарға белсенді түрде қатысады: халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда баяндамалар мен хабарламалар жасайды, шетелдік баспаларда жарияланады. Визитинг- профессорлар бағдарламасы аясында фтизиопульмонология кафедрасы фтизиатрия бойынша жетекші сарапшыларының дәрістерін ұйымдастырды. Соңғы 3 жылда 2 оқулық, 2 оқу-әдістемелік құралы, 3 монография, 4 жетекші құралдары дайындалып басылымға шығарылды.

Кафедрадағы басты рөл болашақ дәрігерді дайындауға, білікті клиницист ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару болып табылады. Жыл сайын кафедра қызметкерлері студенттерге жергілікті қақтығыс ардагерлерімен «Өртенген Ауғаныстан» тақырыбы аясында кездесулер ұйымдастырады, СӨС қалыптастыру мәселелері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізеді. Жыл сайын университет жатақханаларында, ЖОО және мектептерде туберкулезді ерте анықтау және алдын алу бойынша дәрістер мен сұхбаттар, ЖОО арасында Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күніне арналған студенттік конференциялар өткізіледі.