«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯ» МОДУЛІ

«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯ» МОДУЛІ

1

«Аллергология және клиникалық иммунология» модулі жетекшісі

Испаева Жанат Бахитовна, ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар аллергологы, м.ғ.д, профессор, «Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

«Аллергология және клиникалық иммунология» модулі 2011 жылы Испаева Ж.Б. ықпалымен алғашында курс ретінде, ал 2012 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен жеке «Аллергология» модулі құрылды. 2014 жылдан бастап «Аллергология және клиникалық иммунология» модулі болып өзгертілді.

Модульдің клиникалық базалары УК «Аксай», ҚКА №1және АДО. Модуль қызметкерлері аллергология саласындағы педагогикалық және ғылыми тәжірибесі мол жоғары санатты мамандар. Модульде 2 профессор, 6 ассистент жұмыс істейді. Модуль қызметкерлері университет өміріне белсенді қатысады: модуль жетекшісі Испаева Ж.Б. ЖММ ҒК мүшесі, дәрігерлік санаттары тағайындау комиссия мүшесі, ЖММ СҒЗЖ жауапты. Ассистент Сырбаева К.Ж. ҚазҰМУ Ішкі аудит комиссия мүшесі болып табылады.

Модулді м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар аллергологы, «Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 1999 жылдан бастап Еуропалық Аллергология және клиникалық иммунология академиясының (EAACI) мүшесі — WAO (World Allergy Congress), ҚР «Бронхиальды астма», «Аллергиялық ринит» және «Атопиялық дерматит» ұлттық бағдарламалары координаторы және жетекшісі (1998,2004,2005,2007,2011) Испаева Жанат Бахытовна басқарады «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған, бірнеше рет ҚР ДСМ құрмет грамотасымен, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің құрмет грамотасымен және ҚазҰМУ 80-жылдығына арналған күміс медальмен марапатталды. Жыл сайын бүкіл әлемнің аллергия саласындағы жетекші сарапшыларының қатысуымен өткізілетін «Демікпе және аллергия» халықаралық конференциясын ұйымдастырушысы. 1998 жылдан бастап «Демікпе және аллергия» бойынша 14 конференция ұйымдастырды. 150 жариялаулардың, аллергологияның негізгі сұрақтары бойынша 10 әдістемелік ұсыныстар мен мемлекеттік тілде балалар аллергологиясы бойынша 1 оқулықтың авторы.

Проф. Испаева Ж.Б. жетекшілігімен «Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ашылды. ҚБ Қазақстан тарихында алғаш рет 47 мемлекеттен құралған Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшелігіне енді.

Осыған орай EAACI Президенті Профессор Nikolaos G. Papadopoulos, Халықаралық молекулярлы аллергология және иммунология университетінің президенті Профессор Rudolf Valenta, 4 Европалық иммунологиялық конгресс (4th ECI) Президенті Профессор Winfried Pickl, Халықаралық молекулярлы аллергология және иммунология университетінің Вице-президенті Профессор Viktorya Garib қатысуымен Аллергологтар және клиникалық иммунологтар 1 съезді өткізілді.

2