№3 ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

 1 Бауржан Самикович Искаков

 

медицина ғылымдарының докторы., профессор

кафедра меңгерушісі

 

Заведующий кафедрой

доктор медицинских наук., профессор

 

BaurzhanIskakov

 

Doctor of Medical Sciences, professor

Head of Department

Кафедра меңгерушісімедицина ғылымының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер-терапевт,Алматы қаласының штаттан тыс Бас гастроэнтерологы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігіБауржан Самикович Искаков. Кафедра 1980ж құрылған. 2012жылға дейін кафедраны басқарған м.ғ.д., профессор М.И.Даулетбакова- Қазақстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім Академиясының корреспондент мүшесі, ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры, жоғары категориялы дәрігер-терапевт, жоғарғы оқу орнында ғылымның дамуына, жоғары білімнің дамуына, республиканың денсаулық сақтау саласына зор үлес қосқан теңдесіз тұлға, талантты клиницист және педагог.

 Қазақстандағы барлық медициналық жоғарғы оқу орындарында М.И.Даулетбакованың құрастыруымен объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) әдісі енгізілді, бұл әдіс осы күнге дейін студенттердің білімін бағалауда алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялардың бірі болып саналады.Сонымен қатар ОҚКЕ әдісі Достастық елдерінің көптеген медициналық жоғарғы оқу орындарындағы білім үрдісіне де енгізілген.

Қазіргі кезде кафедрада 11 штаттық қызметкер  (м.ғ.д, профессор М.И.Даулетбакова, м.ғ.д, профессор Р.И.Семенова; м.ғ.д, профессор А.К.Косанова, 4 доцент және 3 ассистент) жұмыс істейді. Барлық ПОҚ-да жоғары дәрігерлік категория бар.

Кафедраның клиникалық базалары: қалалық кардиологиялық орталық, медициналық жедел жәрдем ауруханасы,  №1 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар жатады. Кафедра қызметкерлері базаларда клиникалық конференциялар, семинарлар, мастер-класстар өткізеді, аурухананың емдеу жұмысына белсене араласады, дәрігерлермен бірігіп ғылыми статьялар жазады. Ауруханалардың клиникалық жұмысына ішкі ағза ауруларының диагностикасы мен емдеуі бойынша 30-дан аса инновациялық технологиялар енгізілді.Сонымен қатар кафедра қызметкерлері онкогематологиялық аурулардың полихимиотерапиясының,бірқатар гастроэнтерологиялық, кардиологиялық аурулардың диагностикасы мен емдеуінің қазіргі заманғы хаттамаларына апробация жасап, енгізу жұмыстарын атқарды. Интерндер, резиденттер және клиникалық база дәрігерлерінің қатысуымен 50-ден аса ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді. Кафедрада білім үрдісінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ерекше түрі құрастырылып, енгізілген, бейнефильмдер, бейнедәрістер дайындалған, оқу әдісінің  заманауи инновациялық әдістері үнемі енгізіліп отырады. «Ішкі аурулар» пәнінен кафедрада электронды кітапхана құрылған, ол жыл сайын жаңартылып отырады. М.ғ.д., профессор Р.И.Семенова «Пульмонология бойынша дәрістер» оқулығын шығарды (2014 ж.).

Соңғы жылдары 1555-тен артық ғылыми еңбектер, оның 100-ден асасы жақын және алыс шетелдерде жарық көрді, 16 инновациялық патенттер алынды. Ғылыми және педагогтық тәжірибемен алмасу үшін халықаралық байланыстар аясында кафедраға  Израиль, Россия, Украина, Турция елдерінен профессорлар шақырылады.

Кафедра қызметкерлері мына тақырыпта университет ішілік грант негізінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді: «Әртүрлі этникалық топқа жататын студенттер арасында артериальды гипертензия ауруының ерте диагностикасы мен алдын-алуының ғылыми негізделген бағдарламасын құрастыру». Қазіргі кезде м.ғ.к, доц. Ш.Б.Жангелова ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр: «Qualify — жүрек жетіспушілігін емдеуде ұсыныстардың сақталу сапасын тексеру: халықаралық зерттеу». Осы кафедра  №2 Ішкі аурулар Департаментінің құрамындағы ең үздік кафедралардың қатарында. Қызметкерлер жұмысын кешенді тексеру нәтижесінде соңғы жылдары кафедра үнемі 1 және 2 алдыңғы қатарларды иеленеді.

2