№1 ЖТД ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

Денсаулық сақтаудың бірінші буынының реформасына және Қазақстан Республикасы үкіметінің шешіміне байланысты, Қазақстанда жалпы тәжірибелі дәрігерлерді (жанұялық дәрігерлерді) дайындау мақсатымен,  1998 жылы жанұя медицинасы және емханалық оқыту кафедрасының базасында № 1 ЖТД интернатура және резидентура кафедрасы құрылды.  Кафедра 2009 жылы дипломнан кейін жалпы тәжірибелі дәрігерлерді дайындау кафедрасы болып өзгертілді. 1998-2000 жж кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Бегимбетова Р.С. болды.

2000 жылдан бастап кафедраны Қазақстан Республикасының беделді ғалымы, профессор, м.ғ.д. Сейсенбаев А.Ш. басқарды.  2010 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың наурыз айына дейін кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор  Бегимбетова Р.С. болды.

2011 жылдың наурыз айынан бастап кафедраны ҚР қалалық кардиологтар қоғамының мүшесі,  м.ғ.д., профессор  Култаев М.С. басқарып келеді. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра атауы № 1 ЖТД интернатура және резидентура кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра ұжымында әр түрлі мамандар бар – жалпы тәжірибелі дәрігерлер, терапевттер, педиатрлар, хирургтар, акушер–гинекологтар, травматологтар және т.б. мамандар. Кафедраның клиникалық базаларына № 1,2, 3, 5, 14,15,12, 16 қалалық көпсалалы емханалар, емдік-диагностикалық орталық «Авицена» жатады. Жыл сайын кафедраны 200-дей ЖТД-интерн бітіреді, кейін олар сәтті түрде жұмысқа орналасып, еңбектенеді. Кафедрада оқу–әдістемелік және тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Презентация, видеоконсультация, компьютерлік оқыту, рольдік ойындар тәрізді интерактивті оқу әдістері енгізілуде. Кафедра қызметкерлері жыл сайын педогогикалық деңгейлерін арттыру мақсатында ҚазҰМУ, АМДБЖИ  құрамындағы БЖФ-нің, ҚазҰМУ құрамындағы Қоғамдық Денсаулықсақтау Мектебінің  сабақтарына қатысып жүреді. Интерндерді кәсіби бағдарлау, патриоттық сезімді және азаматтық орнын қалыптастыру шегінде жетекшілік жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі.