«Үздік түлек 2012»

2012 жылы 25 және 26 сәуір күндері интерндер үшін маңызды жағдай болып табылатын «Үздік түлек» сайысы өткізілді. «Үздік түлек» сайысы бітіруші түлектердің теориялық білімі мен тәжрибелік дағдыларының деңгейін анықтайды. Сайысқа қатысушы интерндер – үздік білімге ие және тәжрибелік дағдыларын жақсы меңгергендігін көрсеткен, кафедра және университет ҒЗЖ белсенді қатысқан  «емдеу ісі», «педиатрия» және «стоматология» мамандықтары бойынша кафедраішілік сайыстардың жеңімпаздары болды.

Сайыс бағдарламасы үш сатыдан тұрды:

1 саты. Муляж, манекендердің көмегімен жедел көмек бойынша дағдыларын көрсету. Медициналық палаталарда кенет өлім, анафилактикалық шок, травматикалық пневмоторакс жағдайлары имитацияланды.

2 саты. Тәжрибелік бөлімі. Осы саты кезінде сайысқа қатысушылардың мамандықтарын ескере отырып, арнайы оқытылған стандартталған науқастардың көмегімен  шағымдарын сұрау, анамнез жинау, клиникалық ойлау қабілеті, тәжрибелік дағдылары бағаланды.

1 және 2 сатыларда әр сайысқа комиссия өкілдер және тәуелсіз эксперттердің қатысуымен чек-парақтар толтырылды, коммуникативті дағдыларын және науқаспен өзара қатынасын бағалауға арналған чек-парақтар стандартты науқастармен толтырылды.

3 саты. Сайысқа қатысушылардың өзінің ғылыми жобаларын таныстыруы (үй тапсырмасы). Әр қатысушыға жеке бағалау парақтары толтырылды, онда зерттеудің өзектілігіне, сенімділігіне, әдебиеттерді (отандық және шетелдік) талдау сапасына аса назар аударылды, зерттеуге қосқан қатысушының үлесі бағаланды.

Сайыстың бұл сатысы тәуелсіз эксперттермен бағаланды.

Сайыс төрайымы профессор Құрманова Г.М. ұсынылған жұмыстар деңгейінің жоғарылығын атап көрсетті.

«Үздік түлек» сайысында бірінші орынды «педиатрия» мамандығы бойынша 713 топ интерні Фомина Е. иеленді, ғылыми жетекшісі доцент Давлетгильдеева З.Г., екінші орынды  711 топ интерні Искакова А. алды, ғылыми жетекшісі доцент Кошербеков Е.Т.

Сайыс жеңімпазын дипломнан кейінгі білім және аймақтық дамыту жөніндегі проректор, профессор  Дуйсекеев А.Д. құттықтады, жаңа шығармашылық табыстар тіледі және естелік сыйлықтарын ұсынды.

 

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы