Халықаралық қызметтестік

Халықаралық қызметтестік

03.09.2012ж ҚР ДСМ  №605 бұйрығына негізделген және  10.09.2012 ж.  С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №754 бұйрығына сәйкес,  10 — 14 қыркүйек аралығында  дипломнан кейінгі білім беру институты нерв жүйесінің кафедрасында  «Инсульт мәселелері. Комплексті нейрореабилитация әдістері» тақырыбында мастер класс өткізілді.

10 — 14 қыркүйек аралығындағы  мастер класс  Натана Борнштейн Саклер атындағы медициналық факультетінің профессоры Тель-Авив университетінің профессоры, Дүниежүзілік инсульт ұйымының вице-президенті, Sourasky Medical Center (Израиль) неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісінің қатысуымен жүргізілді.