Урология» Модулі

1

Модуль жетекшісі – Алчинбаев Мырзакарим Каримұлы, медицина ғылымдарының докторы, Б.У.Джарбусынов атындағы урологиялық урологиялық орталықтың директоры, Қазақстанның урология қоғамының өкілі, Европалық комитеттің және Бүкіл әлемдік ассоциацияның мүшесі.

1940 жылы алғаш рет Қазақстанда урология модулі АГМИ базасында ашылды. Ең алғашқы жетекшісі З.В.Закиеев болды. 1955-1969 жылдар аралығында модуль жетекшісі профессор З.В.Фанштейн. 1971-1975 жылдар аралығында профессор Е.П.Еганов. 1976-1996 жылы профессор Б.У.Джарбусынов модуль жетекшісі қызметін атқарды. Урология модулінде Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы урологтары қызмет еткен. Қазіргі уақытта модульде 3 профессор, 4 медицина ғылымдарының кандидаты қызмет етеді.

Модульдің клиникалық негізі Б.У.Джарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталық болып саналады. Алшынбаев М.К жетекшілігімен ғылыми орталық «Қазақстан Республикасындағы №1 үздік клиника» атағымен марапатталды (2011),  ҚР үздік әлеуметтік жобасы – «Азаматтар денсаулығы» бағдарламасы (2011).

               Қазіргі уақытта ғылыми бағыттар ҚР БҒМ ғылыми-техникалық граттары  «Разработка новых подходов к эндоскопическим методам лечения лейкоплакии мочевого пузыря» 2013-2015 ж.ж. орындалуда, «Разработка и внедрение современных подходов молекулярно-генетических и иммунологических методов ранней диагностики образования предстательной железы» 2013-2015 жж. және  республикалық бағдарлама бойынша «Раннее выявление и профилактика рака предстательной железы» тақырыбында орындалуда. Орталыққа жаңа технологияларды енгізу арқасында урологиялық аурулардың басым бөлігін түбегейлі жаңа емдеу — диагностикалық тактикасымен емдеуде қолданылуда. Қазіргі заманға сай және алдыңғы қатарлы диогностикалық әдістер жиынтығын жасауда. Орталықта әр түрлі потологиялық ауруларды емдеуде несептас ауруы, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы, бүйректің кистозды ауруларын емдеуде 90-95% аз инвозивті емдеу технолгияларды қолдану арқасында жүзеге асады. Бұл әдістерді қолдану арқасында халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ашық тровматикалық ота жасаудың азаюына, аурулардың асқынуына, аурулардың ауруханаға келу уақытының азаюына көмектесті. Б.У.Джарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталықта студенттерді, интерндер, резиденттер, курсанттарды оқытады.

2