С.Ж.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ-дің бітірушілерін жұмысқа орналастыру « Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2015 »

С.Ж.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ-дің бітірушілерін жұмысқа орналастыру

« Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2015 »

 

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 2015 жылғы 25 ақпандағы №145  бұйрығына сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2015» іс-шарасын жүргізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды, оның құрамына төмендегідей тұлғалар енді:

Төраға: ТөлебаевҚ.А.- оқу-тәрбиелік жұмыстар бойынша проректор.

Комиссия мүшелері:

Нуралиева У.А-  ҚР ДС және ӘДМ ҒжАРД-нің медициналық білім және ғылым бөлімінің басшысы;

Балмуханова А.В. – Кәсіби білім беру (интернатура және резидентура) факультетінің деканы;

Датхаев У.М. –Фармация факультетінің деканы;

Бегадилова Т.С – Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті деканының міндетін атқарушы;

Иванченко Н.Н- Шетелдік  студенттер факультетінің деканы;

Бошкаева А.К-  Phd докторантура және магистратура бөлімінің басшысы.

Төмендегідей құжаттар дайындалып, бекітілді:

— Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын ұйымдастыру және жүргізу жоспары

— Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын өткізілу бағдарламасы.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген бітірушілердің мүдделерін жақындастыру .

2015жылдың 29 сәуір күніҚазҰМУ-да 2014-2015 оқу жылының  бітірушілеріне Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған төмендегідей мамандықтар бойынша білім алған бітірушілер қатысты:

р\с Мамандықтар Саны
1 Phd докторантура 11
2 Резидентура 90
3 Жалпы медицина (Терапия) 341
4 Жалпы медицина (Акушерлік іс жәнегинекология) 89
5 Жалпы медицина (Хирургия) 126
6 Жалпы медицина (Жалпы практик дәрігер) 210
7 Жалпы медицина (Педиатрия) 135
8 Жалпы медицина(Гигиена және эпидемиология) 2
9 Стоматология 90
10 Магистратура 74
11 Мейірбике ісі 53
12 Қоғамдық денсаулық сақтау 62
13 Медико-профилактикалық іс 76
14 Фармация 90
15 Фармацевтикалық өндірістехнологиясы 35
  Барлығы: 1484

Медициналық мамандарға тапшылық және шараға қатысу үшін ресми сұраныстар Алматы, Астана қалалық және барлық облыстардың денсаулық сақтау басқармаларына және ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жіберілді.

Университетке 2830 бос орындарына сұраныстар түсті. Айрықша талап етілген мамандықтар: участкелік педиатрлар мен терапевттер, акушер-гинекологтар, жалпы практик дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, кардиологтар, невропатологтар, нефрологтар, офтальмологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, онкологтар және т.б.

Жәрмеңкегеі қатысқан өкілдер:

Аймақтар Өкілдер Ұйымдар
1 Алматы қаласы 72 61
2 Алматыоблысы 35

 

34
3 Атырауоблысы 4 4
4 Жамбылоблысы 17

 

17
5 Шығыс-Қазақстан облысы 10 10
6 Батыс-Қазақстан облысы 4

 

3
7 Маңғыстау облысы 15

 

13
8 Қызылорда облысы 6

 

6
9 Солтүстік-Қазақстан облысы 1

 

2
10 Қарағанды облысы 4 4
11 Қостанай облысы 6 5
12 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері 3 1
13 Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығы 2 1
14 ҚР ҚТЖК 4 2
15 ҚР-ның қорғаныс министрлігінің өкілдері 4 1
  Барлығы:

11аймақтан

Барлығы:189өкіл

 

Барлығы:164

ұйым

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін құттықтау сөзбен оқу-тәжірибелік жұмыстар  бойынша проректор, м.ғ.д., профессор Төлебаев Қ.А ашты.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде медициналық кадрлар даярлау»тақырыбында  Нуралиева У.Ә —  ҚР ДС және ӘДМ медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы баяндама жасады.

Кәсіби даярлау (интернатура және резидентура) факультетінің деканы,м.ғ.д., профессорБалмуханова А.В«ҚазҰМУ бітірушілерін  жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу,  Алматы облысы бойынша» тақырбында сөз сөйледі

Бітірушілер алдында денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері сөз сөйледі:

— Утепқалиев М.М- Атырауобласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

— Абдрасилова Б.И- Алматы қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы,

— Кусмолдаева С.Р- Алматы облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары, сонымен қатар өздерінің аймақтары мен емдік ұйымдарын, жоғары медициналық білімі бар мамандарға тапшылық қажеттілігін таныстырған  көптеген медициналық ұйым өкілдері.

Жұмыс берушілерден барлығы  сөз сөйлеу- баяндама үшін 30 сұраныс берілді.

Атырау облысынан  денсаулық сақтау басқарма басшысы Утепкалиев М.М.келешекте біздің бітірушілер жұмыс жасайтын аймақтың медициналық ұйымдарымен таныстырды.ҚР-ның заңнамасына сәйкес жас мамандарға жергілікті және республикалық бюджеттен толық әлеуметтік көмек берілетін болады.Сөзінің соңында аймаққа қажет негізгі мамандарды атап айтты.

Бітірушілер алдында Алматы қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары   Абдрасилова Б.И. сөз сөйледі.Орынбасар сөзінде қаланың медициналық ұйымдарына участкелік терапевттер,  педиатрлар, невропатологтар, ЖПД және басқа да мамандарға өте мұқтаж екенін атап өтті. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бітірушілерді жұмысқа қабылдауға дайын және жас мамандардың кәсіби өсуі мен дамуына, материалдық жәнеәлеуметтік қозғамдаманы жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауға міндеттенеді.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Құсмолдаева С.Р өз сөзінде аймақ туралы, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі туралы айтып өтті. Аймақтың материалды-техникалық базасы дамып жатқанын, облыстың медициналық қоғамының жетістіктері туралы, медицинадағы жеке бағыттардың дамуы туралы айтты. Орынбасар жұмысқа келген жас мамандарды бекіту мақсатында айлық жалақыға  25% үстеме, 70АЕКкөтерме ақы, тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК-ға дейін жеңілдік кредиттер қарастылғанын атап өтті.

Жәрмеңкеге 2013, 2014 жылғы бітірушілер шақырылды және сөз сөйледі:

— Канатбаев Полат – Алматы облысы, Талас аудандық орталық ауруханасының балалар хирургі, эндоскопия дәрігері;

— Байтілеуова Дана- Алматы облысы, Сарқанд ауданының орталық ауруханасының  жалпы практик дәрігері;

— Тоқтал Манира-Алматы облысы, Көксу аудандық ауруханасының терапевт дәрігері.

Бітірушілер аймақ туралы және медициналық кадрлар туралы оң көзқарастарын айтты. Аймақ ұйымдарында жас мамандарға кез келген уақытта көмек және кеңес бере алатын, сауатты мамандаржұмыс жасайды. Сонымен қатар бітірушілер қандай жағдайда жұмыс істейтінін, оларды қалай қарсы алғанын және қандай әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты. Дербес жағдайда оларға қызметтік пәтерлер, жақсы жалақы берілді.

Жәрмеңке аясында ұйымдастырылған жеке кездесу кезінде Республиканың медициналық ұйымдарының көптеген өкілдері баяндама жасап, өздерінің аймақтары туралы, облыстың медициналық ұйымдары туралы, медициналық тапшылық және берілетін әлеуметтік көмектер туралы айтып берді. Жұмыс берушілер өздерінің ұйымдарының баннерлерін және аңдатпаларын дайындап алып келді.

Денсаулық сақтау басқармалары,фармацевтикалық компаниялар, Республиканың тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің өкілдері арасында  бітірушілермен жеке жұмыс жасауына барлық жағдай жасалды, бітірушілер өздері үшін жұмыс жағдайын, берілетін әлеуметтік көмек  туралы толық анықтап алуға мүмкіндік алды. Жұмыс берушілер мен бітірушілер арасында жұмысқа орналасу бойынша 3-жақты келісім шарт жасалынды.

2015 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары біздің бітірушілерге бар жақсылық,университетті жақсы бітірулерінтілеп, оларды өздерінің ұйымдарында асыға күтетіндерін айтты.

Шараға ақпараттық қолдау көрсеткендер:

-ҚазҰМУ баспасөз қызметі;

— «Казахстанская правда»газеті

— «Литер»газеті

— «Tengri News» ақпараттық агенттігі

— «Vox Populi» ақпараттық агенттігі

— «Каз.информ» ақпараттық агенттігі

Бітірушілерді жұмыс орындарына бөлу

және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г.Суйеуова

 

орын. Суйеуова Г.Е.

тел. 3387090(7532)