«Спорттық медицина» модулi

1

 

 

Модуль басшысы медицина  ғылымдарының докторы, проыессор спорттық  медицина саласындағы  жоғары  дәрежелі  дәрігер Касымова Г.П.

 «Спорттық медицина» модулi  2014 жылы қазан айында мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сай «Спорттық медицина»мамандығы  бойынша резиденттердi дайындау үшiн медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Асфендиярова атындағы Қазақ Ұлттық МедицинаУниверситетiнiң ректоры Аканов А.А. бұйрығы бойынша құрылған.

Қазiргi уақытта модуль РГКП «Спорттық медицина және реабилитация орталығында» орналасқан. «Спорттық медицина» резиденттердi дайындау 2010 жылы С.Ж. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ-ң  «Клиникалы қ фармаеология ЕФК  және физиотерапия» кафедрасында басталған. Резидентурадағы «спорттық дәрігерлердi» дайындау бағдарламасы келесi дисциплиналардан тұрады: спорттық медицина, спорттық хирургия, спорттық травматология, нутрициология, мiндеттi профильдiк және аралас дисциплиналар, таңдау компонентi, мемлекеттiк аттестацияға және рубеждiк ағымға кiретiн арнайы сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер.

Спорттық медицина бойынша резитентураны оқу барысында  резиденттер спортшыларға медициналық көмек көрсетiп, халықаралық  және республикалық деңгейдегi спорттық жарыстарда: Азиада (2011 жыл); Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты (2014 жыл); Сочи қаласындағы қысқы олимпиада(2014 жыл) және де басқа iс-шараларға спорттық дәрігер ретiнде қатысқан.

Модуль оқытушылары спорттық медицина аумағында нормативтік – құқықтық база құрастыруға?жұмыстық топ құрамында ғылыми зерттеулерге. Дене шынықтыру және спорт бойынша ғылыми- зерттеу лабораторияларында клиникилық талдау мен консилиумдаржүргізуге? Халықаралық жарыстарға жоғары дәрежелі спортшылардың  қатысуын коллегиалды талқылауға, олимпиалдық команданың  спортшыларының дайындауда спорттық дәрігерлерді белсенді түрде кеңес беруге ат салысады.

Профессор Касымова Г.П. ҚР-да  спорттық медицина дамуына үлкен үлес қосып, профильдік кафедралармен  М.И.Сеченов атындағы I ММИ (РФ, Мәскеу қ.), И.И. Мечнеков атындағы Солтүстік Батыс Мемлекеттік Медицина Университетімен байланыс құруда. Профессор Касымова Г.П. бастаған модуль оқытушылары медицина  ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-ң ректоры Аканов А.А. мен «Шығыс жекпе- жек  және жылдамдық куштік спорттүрлері конфедераыиясы» және ВС президенті Мусайбеков С.Ж. (бұрыңғы ҚР-ң спорт және мәдиниет министрі) қол қойған «Меморандумға» сай ҚР-ң спорттық дәрігерлерді аттестациялау және методиқалық, тәжірибелік көмек көрсетуге белсенді жұмыс істеуде.«Спорттық медицина» модулiнің  окытушылары спорттық медицина бойынша көптеген конференциялардың ұйымдастырушылары ( Астана қаласы 2010,2013,2014,жылдар) және халықарлық конференциялардфң қатысушылары (Санкт-Петербург 2013,2014 жыл, Самарканд 2014 жыл) болып саналады№

Профессор Касымова Г.П. журналдың редакционды әріптестер мүшесі : «Спорттык медицина: теория және тәжірибе»(РФ, Мәскеу қ.) «Социалды гигиена, денсаулық сақтау баскармасы және медицина тарихы  »( РФ, Мәскеу қ.) және спорт мәдениет министрлігімен құрылған спорттық медицинадағы реттеу кеңесінің мүшесі болып табылады.

Модуль оқытушылары  спорттық медицина саласындағы  білімдік технологиялар және  спорттық медицинадағы көкейтесті сұрақтар бойынша тәжірибелік денсаулық сақтауды ұйымдастыруға көмектесуді белсенді турде көмектеседі.  Бір монография, 80 ғылыми еңбек, 6 методикалық нұсқаулар, , интелектуалды жекеменшік куәлігі жарық көрген.

Модуль штаты: модуль басшысы медицина  ғылымдарының докторы, проыессор спорттық  медицина саласындағы  жоғары  дәрежелі  дәрігер Касымова Г.П., ассистент Узбаева А.М., лаборанттар Кынырбеков Б.,  Сырымбек Р. Қазіргі уақытта модульде 10 резидент оқуда.

2