Резидентура

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» 2007 жылғы 15 тамыздағы заңына сәйкес (17.07.2009 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)  жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентура, магистратура және докторантураны біріктіреді (мақала 36. т.5.).

С.Ж.  Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина  университетінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау резидентурада, магистратурада және PhD докторантурада жүргізіледі, емханалық мамандықтар бойынша дәрігер-мамандарды тереңдетіп дайындау резидентурада жүргізіледі.

Резидентура (ҚР) —  жоғары оқу орнынан кейінгі емханалық мамандықтар бойынша тереңдетілген медициналық білім  алу нысаны (2014 жылдан бастап барлық емханалық мамандықтар бойынша міндетті).

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі әр мамандыққа және алдыңғы дайындыққа  байланысты 2 жылдан 4 жылға дейін.

3

Резидентурада кадрларды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

№р/с

Мамандықтардың  атаулары

Оқу мерзімі

1

Акушерия және гинекология

3 жыл

2.

Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы

2 жыл

3.

Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы

3 жыл

4.

Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы

3 жыл

5.

Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы

3 жыл

6.

Педиатрия

2 жыл

7.

Неонатология

2 жыл

8.

Жұқпалы аурулар,   соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары

2 жыл

9.

Дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы

2 жыл

10.

Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы

2 жыл

11.

Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы

2 жыл

12.

Патологиялық анатомия, соның ішінде балалар патологиялық анатомиясы

2 жыл

13.

Психиатрия

2 жыл

14.

Балалар психиатриясы

2 жыл

15.

Сәулелік диагностика

2 жыл

16.

Сәулелік терапия

2 жыл

17.

Стоматология, соның ішінде балалар стоматологиясы

2 жыл

18.

Травматология және ортопедия,  соның ішінде балалар травматологиясы және ортопедиясы

3 жыл

19.

Фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы

2 жыл

20.

Жалпы хирургия

3 жыл

21.

Ангиохирургия, соның ішінде балалар ангиохирургиясы

4 жыл

22.

Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы

4 жыл

23.

Балалар хирургия

3 жыл

24.

Жақ-бет хирургия, , соның ішінде балалар жақ-бет хирургиясы

3 жыл

25.

Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы

2 жыл

26.

Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы

2 жыл

27.

Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы

3 жыл

28.

Емханалық  лабораториялық диагностика

2 жыл

29.

Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы

2 жыл

30.

Спорттық медицина

2 жыл

31.

Жалпы тәжірибелік дәрігері/жанұялық медицина

2 жыл

 2

Резидентурада кадрларды дайындаудың мақсаты болып дәрігерлердіемдеу-диагностикалық, фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктері және  дәлелденген медицина қағидаларына сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық  көмек  көрсету бойынша өзіндік жұмысқа дайындау табылады.

Резидентураның негізгі міндеті еңбек нарығындағы  халықаралық стандарттарға сай жоғарымамандандырылған бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.

1

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен  тұлғаларға  дәрігер-маман квалификациясы беріледі (таңдаған мамандығына сәйкес).

Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап  20 шілде  аралығында жүргізіледі.

Резидентураға  тапсырушы азаматтар төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша  (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

Резидентураға тапсырушы шетел азаматтары, төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша  (оқу тілі);

2) мамандық бойынша.