Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы қызметкерлерінің балаларға профилактикалық қарап тексеруді жүргізу туралы есебі

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы қызметкерлерімен 2012 жыл мамырдың 16 мен 18 аралығында кәсіби даярлау (интернатура) деканатының 15.05.2012 ж. жарлығына сәйкес, балаларға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. Профилактикалық қарап тексеру № 41 балабақшада, №95 жалпы білім беру мектебінде, №39 лицейде өткізілді.

Барлығы 514 бала қарап тексерілді.

Доцент З.Г.Давлетгильдеевамен, ассистент Н.Т.Баймахановамен және 709, 714 топ интерн педиатрларымен №41 балабақшаның 3 пен 6 жасар  92 балаға профилактикалық тексеру жүргізілді. Қарап тексерудің нәтижесінде 49 бала жеке мамандарға кеңес алуға жолдама берілді.

Ассистент А.Ж.Жунусовамен, Н.У.Кенембаевамен,  703, 708 топ интерн педиатрлармен  №95 жалпы білім беретін мектептің 5 – 6 сыныптар арасында 133 оқушыларға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. 70 балаға жеке мамандардың кеңесіне жолдама ұсынылды.

№39 лицейде ассистент А.Ж. Жунусовамен және 703, 704, 708, 717 топ интерн педиатрлармен 5 – 7 сыныптар арасында 289 оқушыға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. Қарап тексерудің нәтижесінде жеке мамандардың кеңесіне 194 оқушыға ұсыныстар берілді.

 

Жеке мамандардың кеңесіне жолданған балалардың саны

 

Барлығы қарап тексерілгендер

Кеңеске жолданғандар

Абс.

%

№41 балабақша

92

49

53,2

№95 жалпы білім беретін мектеп

133

70

52,6

№39 лицей

289

194

67,1

Барлығы

514

313

60,8

 

Жеке мамандардың кеңесіне жолданған балаларды бөлу

 

Жеке мамандар №41 балабақша

(92)

 

№95 жалпы білім беретін мектеп

(133)

№39 лицей

(289)

Абс.

%

Абс.

%

Абс.

%

1 Гематолог

5

10,2

8

6

20

6,9

2 Эндокринолог 

8

16,3

14

10,5

25

8,6

3 Стоматолог

8

16,3

8

6

54

18,6

4 Оториноларинголог 

9

18,3

2

1,5

41

14,1

5 Гастроэнтеролог       

7

14,3

15

11,3

34

11,7

6 Нефролог

6

12,2

1

0,75

2

0,6

7 Аллерголог 

2

4,0

3

2,3

6

2

8 Участковый педиатр

5

10,2

9 Инфекционист

1

2,0

11 Окулист

9

6,7

13

4,4

12 Невролог

5

3,7

25

8,6

13 Хирург

2

1,5

3

1

14 Дерматолог

1

0,75

15 Кардиолог

6

4,5

11

3,8

16 Травматолог

2

0,6

 

Балалардың басым бөлігі гастроэнтеролог маманына жіберілді, сосын Лор-дәрігерге, гематологқа, эндокринологқа жолданды.

Анықталған патологияны бақылау мақсатында 2012 жылдың қыркүйек-қазан айларында профилактикалық қарап тексеруді қайта жүргізу жоспарланып отыр.

 

 

Кафедра меңгерушісі                                                                             И.В.Брежнева