Паталогоанатомиялық конференция – 2013

Паталогоанатомиялық конференция – 2013

 

   Құрметті оқырман, жуырда, дәлірек айтқанда 2013 жылдың 13-ші қыркуйегінде Алматы қаласының «Ақсай» балалар ауруханасында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Нефрология» модулінің доценті Исмаилова Дина Базаралықызының басқаруымен 6-курс «Терапия» факультетінің № 612 топ интеріндерінің қатысуымен паталогоанатомиялық конференция өткізілді. Осы конференцияның басты алға қойған мақсаты болашақ дәрігірлердің келешекте қызметі барысында науқастардың өміріне қасірет әкелетін жағдайларды алдын алу болып табылады. Конферцияға қатысушылар паталогоанатомиялық сырқатнаманы талқылауға салды. 2012-ші жылғы қаралы, дәрігер қателігіне шалдыққан, нәтижесінде бала өліміне әкеп соқтырған іс жаңғыртылды. Іс барысында қателікердің қандай тұрғыдан болғандығы, себебі, дәрігер салғырттығы жайлы пікіраластар ой алды.

Конференцияға дайындық кезінде оқытушы мен интерндер тақырып негізінде мейлінше көп мағлұмат алуға тырысты. Архивтен 2012-ші жылғы сырқатнамалар көтерілді. Жұмылып, бар білімге салынған іс, презентацияға ұласты, әрі конференцияда халық алдында ұсынылды.

Конференцияға жиналған адамдар саны өте көп. Қатысушылардан бөлек жоғары лауазымды дәрігер иелері де болды. Солардың қатарында медицина ғылымдарының докторы, құрмет профессоры Қанатбаева Әсия Бакишқызы, Медицина ғылымдарының докторы, доцент Наушабаева Әсия Еркенқызы қатысты. Сонымен қоса жас ассистенттер Мақпал Нургазиновна, Эльмира Болысбековна және Анвар Равшанович аты аға-әпкеелеріміз, жас курсанттар мен 6-7-ші курс интерндері де қатысып, ой бөлісті.

Келген конференция тамашалаушылар, қатысушыларға әрі конференция жетекшісіне Исмаилова Дина Базаралықызына талқыланып жатқан сырқатнама бойынша сұрақтар қойды.

Конференцияға көзайым болған әрбір отырған әріптес, өтілген тақырып жайында талқыға салу барысында, өз ойларымен бөлісті. Олардың айтуы бойынша конференцияға қатысқан әрбір азамат болашақта сондай қателіктерді жібермей, өз алдына сабақ ретінде ой түйді.

Конференция аяқталысымен қатысушы № 612-ші топ интерндері мен «Нефрология» модулінің доценті, оқытушы Дина Базаралықызымен Гемодиализде ем алып жатқан балаларға кішігірім сыйлықтарын табыстады. Табыстау кезінде балалар өз ризашылығын білдіріп, үлкен аға-апайларына арнап көптеген тілектер айтты. Тілек білдіргендер қатарында 15 жасар Сансызбай Сәуле деген қызымыз және 7 айлық Ердакар Нұрбақыт деген сәбидің анасы бар. Біз өз атымыздан осы жас өсіп келе жатқан Қазақстан азаматтары мен азаматшаларына тезірек жазылып кетіп, елдің мақтанышы болуына тілектеспіз, және айтылған барлық тілектерге мың да бір алғысымызды білдіреміз.

№ 612-топ интеріндері оқытушы Дина Базаралы қызына нефрология пәнінен өткен қысқа, әрі бағалы 10 күннің қызық, әрі маңызды, мағлұматқа толы күндердің болғандығына үлкен рахметін білдіреді. Алда сіз сияқы жоғары дәрежелі дәрігер болуға тырысамыз!

 

 

Мақала авторы: 6-курс «Терапия»факультетінің интерні Құрманқұлова Әнел Жұмашқызы

16.09.2013 ж.

62JX9MzxRZE DK-EwXB9yZ4 h4HEycQYw_A rCQPLsjQLoc