НЕВРОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

 НЕВРОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

 1

Неврология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі  медицина ғылымдарының докторы,

профессор Каменова Салтанат Уалихановна

Неврология бойынша интернатура және резидентура кафедрасы 2012 жылдың тамыз айында  №1594 01.09.2012ж. бұйрық неізінде  құрылды.

Кафедраны Москва қаласының РАМН ғылыми неврология орталығы – Москва медициналық мектебінің  түлегі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор Каменова Салтанат Уалихановна меңгереді.  Каменова С.У. Инсультпен Күрес жөніндегі Қазақстандық Ұлттық Ассоцияцияның президенті, бүкіләлемдік World Stroke және World Federation of Neurology ұйымының мүшесі болып табылады.

Кафедрада: 2 медицина ғылымдарының докторы, 4 доцент, 5 медицина ғылымдарының кандидаттары, 2 стажер мүғалім  жұмыс  атқарады.

Кафедрада  оқулық, әдістемелік, ғылыми, клиникалық және тәрбиелік үлкен  жұмыстар  жүргізіледі. Кафедра мына базаларда орналасқан: ОҚКА, ҚКА №1, ҚКА№7, Ішкі аурулар Университеттік клиникасы, Емхана №8 және Университеттік клиника «Ақсай».

Кафедра неврология бойынша халықаралық және республикалық маңыздағы іс-шараларға белсенді қатысады, сонымен қатар жыл сайын жақын және алыс шет елдің профессорларының қатысуымен конференциялар, мастер – класстар өткізді және жылда жоспарлап отырады . (Израиль,  США, Испания, Австралия,  Россия және т.б.).

Кафедра қызметкерлері «Neurodegenerative Diseases »  жоғары импакт- факторымен реценцияланған америкалық журналдарда мақалалары бар., сонымен қатар  жоғары импакт- факторымен АҚШ   рецензияланған клиникалық жетекшілігінде  «International Neurology: A Clinical Approach, 2015ж.».

Кафедра өзінің қызмет барысында Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің білім беру стандарттары және басқа да құқықтық құжаттармен, білім беру және ғылым Министрлігінің қаулылары және бұйрықтарын, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректорының бұйрығы мен қаулыларын, Университеттің және Жоғарғы медицина мектебінің,  Ғылыми кеңесінің шешімдерін, сонымен қатар кафедраның ережелерін басшылыққы алады.

2