Клиникалық фармакология, ЕДШ мен физиотерапия кафедрасының тарихы.

«Клиникалық фармакология» 1983 жылдан бастап профессор,м.ғ.д. С.Ш.Шалхаров басқарған емдеу факультетіне кезеңді түрде енгізілді, 1985 жылдан бастап доцент Н.К.Түзелбаевтың басқаруындағы курсқа алмастырылды. 1990 жылы Қазахстанда алғаш рет клиникалық  фармакология кафедрасы ашылды. 2000 жылға дейін м.ғ.д.,профессор И.Р.Құлмағамбетов  басқарды. 2001-2002 жылдары кафедра м.ғ.д.,профессор Г.М.Пичхадзе басқарған жалпы  фармакология  кафедрасына курс болып  қайта  енгізілді, 2003 жылы  клиникалық  фармакология  курсы  (м.ғ.д. профессор Е.А.Изатуллаев кейіннен м.ғ.к. доцент Л.Г. Ташенова басқарған)  ішкі  аурулар кафедрасының  құрамына  енді.

Клиникалық  фармакология, ЕДШ мен физиотерапия кафедрасы 2003 жылы қыркүйек  айында құрылды, кафедраны университетте 32 жылдан бері жұмыс жасап жатқан м.ғ.д.,профессор А.А.Жанпеисова басқарады. Кафедра құрамына клиникалық фармакология, фармакотерапия, ЕДШ мен физиотерапия пәндері қамтыған.

Кафедра ПОҚ – клиникалық фармакология пәнінен: каф.меңг.м.ғ.д.,профессор А.К.Каирбеков, м.ғ.д., профессорлар: А.А.Жанпеисова, К.Кунанбай, Г.П.Касымова, м.ғ.к.,доценттер: М.М.Калиева, Г.Ш.Таганиязова, З.Б.Исина, Н.А.Мырзабаева, ассистенттер: Б.А.Ералиева, Б.Х.Киекова, Г.Е.Нургазиева, Ж.Д.Турсынбаева, Д.Е. Мубаракшинова, М.Х.Уваисова.  ЕДШ және физиотерапия пәні ассистенті: О.Ш.Ибраева.

2010 жылдан бастап пәндер құрамына «спорттық медицина» енгізілді, м.ғ.д.,профессор Г.П.Касымова жауапты.

«Физиотерапия және ЕДШ» АММИ кафедрасында курс ретінде 1970 жылдан бастап  оқытыла бастады (доцент Н.К.Колесникова). 1980 жылы (м.ғ.д. А.Б.Буркашов) курс кафедра болып  қайта  құрылды, кейіннен терапевтік профилді кафедралардың құрамында курс болып 2003 жылға  дейін берілді.

Кафедрада университеттің барлық факультеттері студенттері оқытылады, оқыту жаңа кредиттік түрде басталды.

Кафедрада оқытуға қажетті барлық құжаттар жеткілікті. Профессор,м.ғ.д. А.А.Жанпеисова клиникалық фармакология пәнінің типтік бағдарламасының (ЖМББС 2006ж.), “Клиникалық фармакология және фармакотерапия”оқулығының; “Клиникалық фармакология бойынша тестік тапсырмалар жиынтығы”; “Науқасты емдеудің клинико-фармакологиялық тұрғыдан сараптамалық бағалау” т.б. әдістемелік нұсқаулардың авторы болып табылады.

Кафедрада дәрілік заттардың әсер етуін зерттеу, тиімді және қауіпсіз емді қамтамасыз ету,  жаңа дәрілік заттардың клиникалық апробациясын, жүргізілген емнің тиімділігін бағалаудың  жаңа әдістерін ойластыру бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кафедра меңгерушісінің басқаруымен Қазастан Республикасының 20 жылдығына орай АҚШ, Франция, Сербия, Болгария, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген баяндамашылар қатысуымен «Клиникалық фармакологияның мәселелері мен жетістіктері» атты Халықаралық тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Кафедра қызметкерлері СҒЗЖ студенттерді белсенді  түрде  тартып отырады, жыл  сайын  студенттердің  жүргізген  жұмыстары университетте мақтау қағаздары және жүлделі орындармен марапатталып отырады, студенттердің жұмыстары  жарияланған мақалалар бар.

Кафедраның ПОҚ әртүрлі базалық клиникаларда емдеу-кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырады (№1ҚКА, ҚПКО, №4 ҚЕ, АҚ, №5 ҚЕ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, ҚКО); ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дәрігерлер арасында дәрілік заттарды тиімді қолдану бойынша семинарлар, кезеңді дәрістер, санитарлы ағарту жұмыстары  өткізіліп  отырады.

Кафедрада барлық пәндер бойынша біліктілікті жетілдіру факультетінің бағдарламасы  бойынша  ҚР  түкпір-түкпірінен  мұғалімдер  келіп білім  алады.

Кафедра қызметкерлерімен студенттер арасында тәжірибелік жұмыстарға аса назар аударылады. Д.А.Қонаев пен оның достары жайында жылжымалы мұражайды ұйымдастырғаны үшін кафедра мұражайдың мақтау қағазымен марапатталған.
2009г_Сотрудники кафедры_клинической_фармакологии_на праздновании Наурыза 2010г_Экзамен_по_фитотерапии_принимают_профессора_Жанпеисова_А_А_Кунанбай_Кабден