КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФАРМАКОТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 1  

Кайрбеков Акылтай Кайрбекович

 

медицина ғылымдарының докторы., профессор кафедра меңгерушісі

 

Заведующий кафедрой

доктор медицинских наук., профессор

 

Akyltay Kairbekov

 

Doctor of Medical Sciences, professor

Head of Department

Кайрбеков Акылтай Кайрбекович – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР кардиологтары Ассоциациясы Президиумы мүшесі. 1990жылы Қазақстанда алғаш рет клиникалық  фармакология кафедрасы ашылды. Кафедра қызметкерлері ҚР ДМ тәжірибелік денсаулықсақтау саласындағы клиникалық хаттамалар мен емдеу стандарттарын құрастырушылары, тәжірибелік денсаулықсақтау мен оқу үрдісіне клиникалық хаттамаларды енгізу бойынша координаттары.

Кафедрада дәрілік заттардың әсері, емнің тиімділігі мен қауыіпсіздігі, жаңа дәрілік заттардың клиникалық апробациясы, жүргізілген емнің тиімділігін бағалаудың жаңа әдістері бойынша ҒЗЖ жүргізіледі. Кафедра қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай АҚШ, Франция, Сербия, Болгария, Өзбекстан мен Қырғызстаннан баяндамашылардың қатысуымен «Клиникалық фармакологияның мәселелері мен жетістіктері» атты Халықаралық тәжірибелік конференция өткізді.

Кафедра қызметкерлері жоо ішілік «ҚР персоналданғанмедицинаның молекулярлы генетикалық және медикобиологиялық негізін құрастыру мен жетілдіру», «Ревматоидты артриті бар қазақ ұлтын метотрексатпен ғана емдеудің тиімділігін беретін Франзиннің фармакогенетикалық моделінің клиникалық валидациясы» ғылыми кешендерге белсене қатысты. И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының қызметкерлерімен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарады. «Алматы облысы ауылдық тұрғындарының әртүрлі жастағы топтардың геномын молекулярлы генетикалық зерттеу негізінде артериалдық гипертензиясын емдеу мен алдын алудың персонализациясы».10 жыл бойы кафедра қызметкерлерімен ҚР  инновациялық 9 патенттер менхалықаралық 7 патенттер, 8инновациялық енгізу актілері клиникаға енгізілді. Жыл сайын кафедра қызметкерлерімен оннан он бекске дейін ғылыми мақалалар басылып шығады. Базалық стационарларда қафедра қызметкерлерімен науқасқа мамандандырылған емдік диагностикалық көмек көрсету бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда.

Жыл сайын кафедра қызметкерлері 840 науқасқа кеңес беріп, 1050 науқасты қарайды.

Студенттердің ғылыми зерртеу жұмыстарына қатысуы: кафедра ПОҚ студенттермен бірге жыл сайын ғылыми мақалалар мен тезистер жазып басылымға береді, клиникалық базаларда тәжірибелік денсаулықсақтаудың өзекті сұрақтары бойынша ғылыми тәжірибелік конференциялар өткізеді. Оқытудың кредиттік модульдік жүйесіне ауысуына байланысты кафедраның ПОҚ дәрігер интерндер мен резиденттерге арналған тәжірибелік сабақтарға инновациялық және интерактивті оқыту әдістерін енгізуде.

Кафедрада 2012 жылдан бастап алғаш рет «Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуі мен жанама әсерлері» элективін ағылшын тілінде оқыту енгізілді. Польша мен Ресей Федерациясының беделді профессорлары Халықаралық қатынастар серіктестері болып табылады.Кафедра қызметкерлері студенттерді СҒЗЖ орындалуына белсенді түрде шақырады, студенттердің жұмысы жыл сайын университетте мақтау қағаздарымен марапатталады, жүлделі орындарды иеленеді, студенттердің еңбегі басылымдарда жарияланады.Кафедра қызметкерлерімен жыл сайын жетекші базаларда әртүрлі аурулардың фармакотерапиясын белсендірудің өзекті мәселелері бойынша қалалық ғылыми тәжірибелік конференциялар өткізеді, тәуелсіз сараптама жүргізу үшін кафедра қызметкерлері сарапшылар құрамында. Кафедрада 2 профессор, 3 доцент, 5 ассистентер мен 3 лаборант жұмыс жасайды. Студенттерге сабақ өткізу үшін компьютерлі класс ұйымдастырылған. Ол 5 компьютер мен 2 ноутбукпен жабдықталған, 4 томдық оқытудың инновациялық әдісі бойынша «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Медициналық білім беру Модульі» атты кітабы бар.

2