Клиникалық конференция «Мукополисахаридоздар: I және II типтері»

Педиатрия бойынша интернатура және резидентураның №2 кафедрада 06.03.2013ж. доцент Хитуова Л.К. жетекшілігімен 4курс 029-01 топ студенттерімен клиникалық конференция өтті. Конференция тақырыбы: «Мукополисахаридоздар: I және II типтері». Баяндамашылар: Елюбаева А., Калмуратова А., Ширжанова Л., Ақтөбе ММА студенттері: Зайнуллина А., Смагулова А. Конференцияда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының кардиология бөлімшесінде емделген науқастың ауру тарихы талқыланды:

5ж. ұл Диагноз: «Мукополисахаридоз:  II тип»

Осы тақырып бойынша студенттер баяндамаларды  презентация түрінде   жасады,  МПС түрлеріне ажырату диагностикасын жүргізді, емдеу әдістерін таңдады.

Кафедра меңгерушісі, проф. Хабижанов Б.Х., асс. Кисленко А.В. науқас бойынша емі туралы қосымша ақпараттар берді.

Клиникалық конференция өте пайдалы, қызықты өтті.