Кафедра  «Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия»

1
Кафедраның клиникалық базасына Қалалық  жедел көмек көрсету ауруханасы, онкология және радиология ҒЗИ, №1 Қалалық клиникалық аурухана, Қалалық диагностикалық орталық, №4 қалалық перзентхана, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникалық білім беру орталығы қызмет етеді. Анестезиология және реаниматология кафедрасында студенттер мен интерндердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөлінеді.  Анестезия және қарқынды терапия бойынша ғылыми-клиникалық тақырыптарда өзекті мәселелер бойынша конференциялар өткізіледі, сонымен қатар студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады, Университеттік және Республикалық деңгейдегі конференцияларға қатысады.2011 жылы кафедра жалпы хирургия кафедрасынан бөлініп, «Анестезиология, реаниматология  және интенсивті терапия» кафедрасы болып құралды. Кафедраның негізгі ғылыми бағыты- сепсистегі интенсивті терапия, ОАРИТ науқастардың септикалық жағдайы және мидың қан айналымының бұзылуын емдеуде жаңа емдеу технологияларын енгізу. Кафедраның ғылыми жұмыстары  қызметкерлердің білім беру және тәжрибиелік құзіретілігене сәйкес келеді. Кафедраның профессорлы-мұғалімдік құрамы нейрореаниматологияның өзекті мәселелері бойынша мастер-класстар, денсаулық сақтау дәрігерлеріне, резиденттерге, интерндерге, студенттерге  практикалық семинарлар жүргізеді, ОАРИТ-тегі респираторлық демеулі науқастарға сепсисті емдеуде жаңа емдеу технологияларын енгізуде.

Кафедра қызметкерлері интенсивті терапия бөлімінде науқастарға күрделі категориялы мамандандырылған көмек көрсете отырып, хирургиялық араласумен анестезиологиялық көмек жүргізіледі.

Кафедра Қазақстан Республикасы  және шет елдердің баспасынан 100 ден астам ғылыми жұмыстар жарияланып,  2 авторлық куәлік, тәжрибиеге 2 патенті бар.

2