Интернатура

2006 жылы болашақ дәрігерді клиникалық тұрғыдан дайындайтын интернатура факультетінің негізі қаланған. Оның негізгі міндетіне медициналық жоғары оқу орнын бітірушілердің кәсіби деңгейін және өзіндік дәрігерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру; кафедраларды жинақтау, шоғырландыру және кафедра мен деканат жұмысында сала бойынша тәжірибе, білімді пайдалану, интернатураны мейлінше сәтті ұйымдастыру мен іске асыру үшін инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу жатады.

Болашақ дәрігерлер терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік және гинекология, жалпы практика дәрігері бойынша интернатура кафедраларында оқытудан өтеді.

Жоғары білікті мамандарды даярлау жоғары мәдениетті қалыптастыру, танымдық және кәсіби қызметтің әдістері мен тәсілдерін игеру, өзін-өзі жетілдіруді қарастырады.

Факультетте оқытудың жаңа технологиялары ұдайы енгізіліп отырады, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп отырады. Интернатура бітірушілерін практикалық дайындау Қазақстан Республикасының практикалық денсаулық сақтау ұйымдары және ғылыми орталықтармен тығыз байланыста жүргізіледі. Мамандарды салалық дайындау жұмыстары жетілдірілуде, интерндерді облыстар бойынша көшпелі практикадан (тәжірибе жинақтау) өткізу ұйымдастырылды.

Бітірушілерді жұмысқа орналастыру аймақтардың емдеу-профилактикалық мекемелері үшін мамандарды мақсатты түрде даярлау туралы келісім-шарт негізінде жүргізіледі. «Талапкер-студент-бітіруші» бірегей білім беру мониторингі кәсіптік бағдар, алғашқы мамандану мен қосымша білім беру үшін құрылды.