Интернатура және резидентура бойынша Кәсіби даярлық факультетінің деканаты

Интернатура және резидентура бойынша Кәсіби даярлық факультетінің деканаты бір немесе бірнеше тектес мамандықтар бойынша медициналық білім берудің екінші сатысы болып саналатын Университеттің оқу, ғылым және клиникалық негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.

                Факультет қызметінің негізгі мақсаты:

  • денсаулық сақтау саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгерген, жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Университеттің алдына қойған мақсаты мен міндеті іске асыру;
  • білім беру, ғылым және практиканы біріктіру;
  • Университетті қазақстандық және шетел білім беру қызметі нарқында өрлету, оқытудың түрлері мен формаларын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істеу арқылы факультеттегі білім беруді іске асыру қызметінің бәсекелестігін жоғарлату;
  • студенттердің кәсіби-біліктілік траекториясын қалыптастыру және түлектердің әлеуметтік алға жылжуын қамтамасыз ету, түлектердің тұлға ретінде өсуіне жағдай жасау, еңбек нарқында ұтқырлығын, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, әлеуметтік серіктестік аясын кеңейту және «ЖОО-түлек-жұмыспен қамтамасыз етуші» жүйесін жетілдіру;

     Факультет интернатура және резидентура құрамына кіретін маманықтарға қатысты барлық кафедраларды біріктіреді, сонымен қатар мазмұны бойынша медициналық жоғарғы білім берудің екінші сатысына сала бойынша ең жақын жалпы ғылыми және фундаментальдық кафедраларды да біріктіреді.

     2014-2015 оқу жылы интерндерді даярлау МЖМБС-2006 сәйкес «Жалпы медицинаның» келесі мамандықтары бойынша жүргізіледі: (бағыты: терапия, хирургия, акушерия және гинекология, ЖТД,  педиатрия)  және «стоматология).

 

2014-2015 оқу жылы МЖМБС-2006 бойынша бірінші жыл (6 курста) ҚазҰМУ-дың интернатурасында оқитын білім алушылардың саны

Мамандық/Бағыты Жалпы саны Оқу түрі
грант келісім
Жалпы тәжірибе дәрігері 441 430 11
Терапевт 355 354 1
Педиатр 119 119
Хирург 116 115 1
Акушер-гинеколог 87 87
1118(13) 1105 13
Стоматолог 90 59 31
Барлығы: 1208 1164 44

2014-2015 оқу жылы МЖМБС-2006 бойынша бірінші жыл (7 курста) ҚазҰМУ-дың интернатурасында оқитын білім алушылардың саны

Бағыты Жалпы саны Форма обучения
грант договор
Жалпы тәжірибе дәрігері 210 210
Терапевт 345 344 1
Педиатр 141 140 1
Хирург 127 127
Акушер-гинеколог 90 90
Барлығы: 913 911 2

Факультеттің Ғылыми Кеңесінің мәжілісі «Кеңес туралы ережеге» сәйкес жүйелі түрде өтіп тұрады.  Ғылыми Кеңестің құрамына декан, кафедра меңгерушілері, кафедра профессорлары және интерндер кіреді.

Кәсіби даярлық факультетінің деканатының жұмысы ҚР БҒМ және ҚР ДМ-нің бұйрықтары мен ережелеріне, факультет қызметінің, оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне, стратегиялық және оперативтік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.     Құжат айналымы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің іс қағаздары номенклатурасы және МСЖ тәртібі негізінде іске асырылады.

Кәсіби даярлық факультетінің деканатының құрамына интернатура және резидентура бойынша 25 кафедра кіреді.

Интернатура және резидентура бойынша Кәсіби даярлық факультетінің кафедралары мен модулдері

 

Кафедра/модуль Кафедра меңгерушісі Негізгі база
 «Анестезиология және  реаниматология» кафедрасы М.ғ.д., профессор

Исраилова Венера Карыпбековна

ЖМКЕ (БСМП)
«Интернатура және резидентура бойынша ЖТД» кафедрасы М.ғ.д., профессор

Култаев Малик Сайрамбаевич

ҚКА «ҚА №3»

 

«Алғашқы  медицина-санитарлық көмек» кафедрасы М.ғ.к.  Акажанов Нурбек

Арасанович

 «Ішкі аурулар клиникасы №2 ҚазҰМУ»
«Интернатура және резидентура бойынша акушерия  және гинекология» кафедрасы М.ғ.д., профессор Кудайбергенов

Талгат Капаевич

АГжПҒО
«Интернатура және резидентура бойынша неврология» кафедрасы М.ғ.д., профессор Каменова

Салтанат Уалихановна

ОҚКЕ №12
«Интернатура және резидентура бойынша психиатрия» кафедрасы М.ғ.д., профессор Джарбусынова

Ботагоз Бинешовна

РҒППНО
 «Интернатура және резидентура бойынша терапия № 1» кафедрасы М.ғ.д.,  профессор Беркимбаев Салим Фахатович Кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ
«Интернатура және резидентура бойынша терапия № 2» кафедрасы М.ғ.д., профессор Айдаргалиева

Назипа Ермухамбетовна

ҚКЕ № 7, терапия бөлімі
«Интернатура және резидентура бойынша терапия № 3» кафедрасы М.ғ.д., профессор Искаков Бауржан Самикович Қалалық кардиология орталығы
«Интернатура және резидентура бойынша хирургия» кафедрасы М.ғ.д., профессор Баймаханов

Болат Бимелдинович

ҚКЕ№7
 «Клиникалық анатомия және оперативті хирургия» кафедрасы М.ғ.д., профессор Алмабаев Ыдырыс Алмабаевич ҚазҰМУ анатомиялық корпусы
«Клиникалық фармакология және фармакотерапия» кафедрасы М.ғ.д.,  профессор Каирбеков

Акылтай Кайырбекович

Қалкаман ы/а

№ 1 ҚКЕ

«Клиникалық-зертханалық диагностика» кафедрасы М.ғ.д., профессор  Рысулы Мустафа Кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ
«Урология» модулі М.ғ.д., профессор Алчинбаев

Мырзакарим Каримович

Б.У. Джарбосунов атындағы УҒО
 «Аллергология» модулі М.ғ.д., профессор Испаева

Жанат Бахытовна

Аймақтық  диагностикалық орталық
«Дерматовенерология» модулі М.ғ.д., профессор

Нурушева Софья Мухитовна

Обл.кожвен диспансер, Қалалық кожвен диспансер
«Нефрология» модулі М.ғ.д., профессор Кабулбаев Кайрат Абдуллаевич Кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ
 «Спорт медицинасы» модулі М.ғ.д.,  профессор Касымова Гульнара Пазылбековна Б.Шолақ атындағы спорт сарайы
«Офтальмология» кафедрасы М.ғ.д., Сулейменов Марат Смагулович

 

Қаз КҒЗИ
«Интернатура және резидентура бойынша онкология» кафедрасы М.ғ.д., профессор Нургазиев Куаныш Шадыбаевич ОжР ҚазҒЗИ
«Фтизиопульмонология» кафедрасы М.ғ.д., профессор Ракишева Анара Садвакасовна Пульмонология және фтизиатрия бойынша  РҒПО
«Жұқпалы және тропикалық аурулар» кафедрасы М.ғ.д., профессор Дуйсенова Аманкуль Куандыковна И. Жекенова атындағы ҚКЖА
«Кескінді диагностика» кафедрасы М.ғ.д., Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна ОжР ҚазҒЗИ
 «Интернатура және резидентура  бойынша педиатрия №1» кафедрасы М.ғ.к.  Брежнева Ирина Владимировна  «АКСАЙ» клиникасы
«Интернатура және резидентура  бойынша педиатрия №2» кафедрасы М.ғ.к.,  доц. к.м.н. Нургалиева Жанар Женисовна НЦ Педиатрия ҒО және БХ