Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

1

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы 1935 жылы ұйымдастырылған. Университеттің мерейтойлық 85-жылдығында кафедраға 80 жыл толды.  Әртүрлі жылдары кафедра құрамына эпидемиология, клиникалық иммунология және аллергология, АИВ-инфекция және инфекциялық бақылау курстары кіріп, кейіннен жеке кафедралар мен модульге бөлінген. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында «Жұқпалы аурулар» және «Тропикалық аурулар» (элективті курс) пәндері бойынша барлық оқыту деңгейлерінде сабақ жүргізіледі: бакалавриат, интернатура және резидентура.

Кафедраны профессорлар: Кудряков В.Т., Патрик Н.П., Бартошевич Е.Н., Беклемишев И.П., Касаткина И.Л., Белозеров Е.С., Карабеков А.Ж., доценттер: Реформатская А.Ф, Попова С.Н., Доскожаева С.Т. басқарған. 2008 жылдан бастап кафедрны профессор Дүйсенова А.Қ. басқарады.

Бүгінгі күнде кафедрада 5 медицина ғылымдарының докторы: Құрманова К.Б., Сыздықов М.С., Дүйсенова А.Қ., Шопаева Г.А., Егембердиева Р.А., 3 медицина ғылымдарының кандидаты: Сейдулаева Л.Б., Оспанбекова Н.Қ., Садықова А.М., ассистенттер Байхожаева Р.Ж., Ерғалиева А.А., Умешова Л.А., Утаганов Б.К., Кашим Ж.К., қосымша қызметкерлер: доц.Славко Е.А., доц.Байекеева К.Т., Айсекенов А.К., Жүсіпова Р.Т. қызмет атқарады.

Кафедраның 3 клиникалық базасы бар: И.С.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ҚР ҚМ-ң Әскери-клиникалық госпиталі, Қалалық гепатологиялық орталық. Инфекциялық қызмет шұғыл қызметке жатады, кафедра қызметкерлері клиникалық базаларда және қалалық, обылыстық және республикалық медициналық мекемелерде үлкен емдеу-кеңес беру жұмысын атқарады.

Кафедраның таңдалмалы ғылыми бағыттары – халықаралық қор01-лармен, ҚР ДСМ-мен, ҚР БҒМ-мен, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен қаржыландырылатын ҒТЖ саласында зоонозды, кенелік трансмиссивті инфекциялардың, паразитарлы және тропикалық аурулардың, вирусты гепатиттердің, менингиттердің диагностикасы мен емі бойынша ғылыми-негізделген инновациялық аспекттерді өңдеу болып табылады.

Кафедра жұқпалы аурулар бойынша бірнеше халықаралық конгресстер мен  симпозиумдарды ұйымдастырып өткізді: 2008 жылы ТМД мен Қазақстанда алғашқы рет —  жұқпалы аурулар бойынша II Орталық-Азиялық халықаралық конгресс (ECMID), 2010 жылы – жұқпалы аурулар бойынша Симпозиум.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының халықаралық қызметі сыртқы байланыстарды дамыту және әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне жанжақты интеграциялану арқылы білім мен ғылыми қызметтің сапасын жоғарылатуға және жетілдіруге бағытталған.   Кафедраның визитинг-профессорлары: профессор С.С.Козлов (С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академия, Санкт-Петербург, РФ), РФ ҒМ-ң бас паразитологы), профессор Н.В.Рудаков (Омск қаласының табиғи-ошақтық инфекциялар ҒЗИ, РФ), Мехмет Догонай (Erciyes Университеті, Туркия).

2