Дерматовенерология модулі

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КазҰМУ дерматовенерология модулінің тарихы   

Тері және венерикалық аурулар кафедрасы 1943 ж. құрылған. Кафедраның негізін құраушы профессор М.С. Брагин.

Дерматовенерология модулінің жетекшісі м.ғ.д., профессор Нурушева С.М.

1

2012 жылдан – дерматовенерология модулі.

Дерматовенерология модулінде  – 4 доцент, 3 ассистент,  2 резидент жұмыс істейді. Модулде оқу, әдістемелік, ғылыми, клиникалық және тәрбие жұмыстары жүргізіледі.  Модулдің клиникалық базалары: Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты,   Областық және қалалық тері-венерологиялық диспансері.

Кафедраның негізін қалаған профессор М.С. Брагин, кафедраны 1934 -1948 жж. аралығында басқарды. Ол кісі ҚазССР жоғарғы кеңестің мақтау қағазфмен және «1941-1945жж Ұлы Отан соғысы кезіндегі айтарлықтай еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 1934-1935 жж; 1938-1941 жж Тері –венерология ғылыми зерттеу институның директоры, директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары  қызметін атқарды.

     1948-1960 жж. кафедраның меңгерушісі – ғылымға еңбегі сіңген қайраткер профессор С.А. Поплавский. У.Б. Бердібаев, К.А. Калантаевская, Р.Х. Абдусаметов, С.Г. Козбағаров, Р.К. Макашева, Г.Р. Карсыбекова, А.И. Мартынова сияқты профессорлар мен доценттер баулып шығарды.

     1960-1971жж. арасында кафедраны профессор У.Б. Бердибаев басқарды. Ол 9 ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындаған. «Красная Звезда», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «За боевые заслуги», «За оборону Москвы», «За победу над Германией», медальдермен марапатталған. Дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, ҚазСCР ҒА аймақтың патология институтының ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, ТВҒЗИ – директоры қызметтерін атқарды. 1960-1971 жж. АММН дерматовенерология кафедрасын басқарды. Республикалы дерматовнерологтар қоғамының негізін қалаған.

    1971-1987 жж. дерматовненерология кафедрасының меңгерушісі профессор Р.К. Макашева болды. Оның қаламынан 80 ғылыми мақалалар шықты, оның ішінде 2 монография, ғылыми жалпыға түсінікті кітапшалар қазақ тілінде шықты.  «За победу над Германией», «За доблестный труд» медальдерімен  марапатталған.

     Дерматовенерология модулі келесі пәндер бойынша сабақтар береді: «Дерматовенерология» — 4

курс «Жалпы медицина», «Экзантема және энантем синдромымен дамитын аурулардың алгоритм диагностикасы» бірлескен элективті пән, 5 курса «Жалпы медицина», «Гинеколог тәжірибиесіндегі жұқпалы дерматоздар» интернатура бойынша элективті цикл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура «Венерология».

Модуль қызметкерлері белсенді түрде халық аралық және республикалық дәрежелердегі шараларға қатысып, жыл сайын  жақын және алыс мемелекеттердің профессорларының қатысуымен өтетін шеберлік-сабағы және конференциялар өткізуді жоспалауда. Дерматовенерология модулі  өзінің қызмет барысында Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің білім беру стандарттары және басқа да құқықтық құжаттармен, білім беру және ғылым Министрлігінің қаулылары және бұйрықтарын, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректорының бұйрығы мен қаулыларын, Университеттің және Жоғарғы медицина мектебінің,  Ғылыми кеңесінің шешімдерін, сонымен қатар кафедраның ережелерін басшылыққы алады.

2