Интернатура и резидентура Деканаты

1

Исенова Сауле Шайкеновна

медицина ғылымының докторы, факультет деканы

Исенова Сауле Шайкеновна

доктор медицинских наук, декан факультета

Issenova Saule

Doctor of Medical Sciences, dean of faculty

Интернатура С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің емдеу және педиатрия факультеттерінің түлектеріне арналып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйегіндегі «Республикадағы медициналық білім беруді одан әрі дамытуды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» № 1469 қаулысы негізінде ұйымдастырылды.

2006 жылы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартты шыққаннан кейін емдеу факультеті кәсіби даярлық факультетіне қосылды. 2012 жылы 28 ақпанда Ғылыми Кеңестің № 7 хаттамасының шешімінің негізіндекәсіби даярлық факультетінің деканаты Медицина жоғарғы мектебінің (МЖМ) құрамына кірді (МЖМ директоры Балмуханова А.В.).

 

Интернатурада білім беру барысында мамандықтардың дайындау бағыттары: дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатр, дәрігер-хирург, дәрігер-акушер-гинеколог, жалпы тәжірибе дәрігері,жалпы тәжірибедегі стоматолог дәрігер мамандықтары бойынша ұйымдастыру-әдістемелік негіз қаланды.  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесі енгізілді. 2007 жылдан бастап «Бос жұмыс орындары жәрменкесі» өткізіліп келеді,  түлектердің жұмыс берушілермен кездесуі ұйымдастырылады, түлектерді дербес бөлу жүргізіледі. 2009 жылдан бастап факультеттің клиникалық базалары кеңейтілді де, Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңқыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола,  Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына интерндер аймақтық практикаға барады.

ҚР білім беру Заңына сәйкес (27.07.07. Үкімет Қаулысы№ 319-III ҚРД)резидентура ашылды. Резидентураға алғашқы қабылдау 2008 жылы болды, 11 мамандыққа 25 дәрігер қабылданды.

Резидентурада дәрігерлерді даярлауға жауапты құрлымдық бөлім – аспирантура, докторантура және резидентура бөлімі болды, 2010 жылы  докторантура және резидентураның таратылуына  байланысты  бөлім резидентура бөлімі болып қайта құрылды (бөлімі басшысы Оразаева Ф.Г.). 2008 жылдан бастап 25 мамандық бойынша 422 дәрігер дайындады, осы оқу жылы 346 резидент 21 мамандық бойынша 26 клиникалық кафедрада білім алып жатыр.

2014 жылдың 16 қазандағы ректордың «Оқу департаменттері жүйесіндегі қайта құрулар туралы» №4943 бұйрығының негізінде кәсіби даярлық факультетінің деканаты«интернатуражәне резидентура» деканаты болып аталды. 2015 жылдың қыркүйегіне дейін факультеттің деканы м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр-мүшесі А.В.Балмуханова болды.

Интерндерді даярлауды тәжірибелі оқытушы профессорлар құрамы іске асырады, олардың құрамына Ұлттық Ғылыми академия мүшелері, 66 медицина ғылымның докторы, 103 медицина ғылымның кандидаттары кіреді. Деканатқа қарасты кафедрлар және модульдер ҚазҰМУ-дің клиникалық базаларындағы денсаулық сақтау ұйымдарына кеңес беру, емдеу-диагностикалық, әдістемелік және сараптамалық көмек көрсетеді.Аймақтардағы клиникалық базалардан интерндердің жақсы дайындығы туралы алғыс хаттар көптеп келуде.Интернатура және резидентура мамандықтарына сабақтас  білім беру траекториялары түрінде білім берудің жаңа технологиялары жасалған және  енгізілген.

Факультет ұжымы ҚР БҒМ және ҚР ДМ қаржыландыратын 29 гранттық ғылыми жобаларды орындауға қатысады.Факультетқызметкерлері көптеген оқу-әдістемелік жұмыстармен айналысады. Соңғы жылдары 30 оқу-әдістемелік құрал,  57 әдістемелік құрал, 8 оқулық, 8 монография шығарды.  Жыл сайын ПОҚ (ППС) 500-ге дейін мақала мен тезистер жариялайды, 300 аса әр түрлі конференцияларға қатысады. 2014-2015 оқу жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехия Республикасындағы Прага қаласында (Карлов университеті)15 интерн және 9 резидент оқып қайты және «Визитинг — профессор» дәрістері оқылды. Кафедра қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Фрайбург қаласындағы Людвигуниверситетінің клиникасында (Германия), UCL Лондон (Ұлыбритания), Берлин қ.(Германия) оқып қайтты.

«Университеттің үздік кафедрасы» конкурсы нәтижесі бойынша интернатура және резидентурадағы акушерияжәне гинекология,  интернатура және резидентурадағы психиатрия және наркология кафедралары үздік болды.

               Университетте білім беру мен әлеуметтік-мәдени іс-шаралардың барлық түрлері жоспарланған , оған сәйкес студенттің жеке өсу және даму моделін іске асырылуда.

               2014-2015 оқу жылында ассистент Исаева К.К. университеттің  үздік кураторы атанды.

Факультеттің  интерндері халықаралық  конференциялардың жүлдегерлері болды. Атап айтар болсақ Мәскеуде ІІ орын, Воронеж қаласында ІІ орын, Болгарияның София қаласында ІІ орын алды.

«Қазақстан Республикасының Үздік түлегі» атты республикалық конкурстарда 6 және 7 курс интерндері жүлделі орындарға ие болып жүр (2012-13 оқу жылы – 1 орын, 2013-14 оқу жылы — 3 орын). Жас ғалымдардың ғылыми жобалары атты республикалық («Назарбаев Университет») конкурста «Офтальмология бойынша фармацевтикалық жаңа дәрі-дәрмектер жасау» атты еңбегімен 6 курс интерні 3 орын алды.

Интернатура және резидентура бойыншаневрология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. С.Т. Туруспекова қазақстандық  космонавт А. Аймбетовтың «Союз ТМА 18М»  кемесімен ғарышқа ұшуға дайындығы кезінде және ғарыштан оралғаннан кейінгі кезеңдерде жеке дәрігері болды.

Бүгінгі таңда деканат Университеттің негізгі оқу, ғылыми және клиникалық құрлымдық бөлімі болып табылады. Деканат бір немесе бірнеше жақын мамандықтар бойынша медициналық білім берудің екінші сатысында білім беруді іске асырады.      Деканат интернатура және резидентура құрамына кіретін мамандықтарға жататын барлық кафедраларды, сонымен қатар мазмұны жағынан медициналық жоғарғы білім берудің екінші деңгейіне өте жақын жалпы ғылымдық және іргелі  кафедраларды біріктіреді.