«ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

«ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

1Кафедра меңгерушісі — Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна — медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан радиологтары қоғамының, Онкологтар және радиологтар  қоғамының, Европа Радиологтары қоғамының  мүшесі.

Кафедраны алғаш рет 1953 жылы академик Балмұханов С.Б. құрды. Әр жылдары кафедраны  м.ғ.д., профессор Серғазин А.Ғ., м.ғ.д., профессор Әбисатов Х.Ә., м.ғ.д., профессор Әбдірахманов Ж.Н., м.ғ.д., профессор Арзықұлов Ж.Ә., м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х. басқарды.

Кафедраның негізгі бағыты студенттерге, интерндерге,

резиденттерге сәулелік диагностикадан білім беру. Кафедрада жыл сайын  резиденттер білім алып, денсаулық сақтау саласына  сәулелік диагностика мамандары дайындалады.

Кафедра ұжымында ғылыми дәрежелі және ғылыми атағы, квалификациялық категориялары бар оқытушылар қызмет етеді: Жакенова Ж.К., Аманкулова Ж.Б., Нурумбетов К.М., Далиева Г.А., Мусаев Н.Г., Қасымбекова Г.Д., Ахметбаева А.Б., Бурхан Н.

Кафедра алыс және жақын шет елдердің білікті мамандарымен тығыз байланыста: м.ғ.д., профессор Тюрин И.Е., м.ғ.д., профессор Корженкова Г.П., м.ғ.к. Панов В.О. (Ресей),  Frans Dhaenens (Бельгия),  профессор Andreas M.J.Van Steen (Бельгия), Jurgen Jacobs (Бельгия), Абдуллаев Т.М. (Турция), Dr. Marianna Zagurovskaya (University of Kentucky, Lexington KY, USA).

Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының дәрігерлерімен бірігіп ағзалардың қатерлі ісіктерін сәулелік әдістермен анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сәулелік диагностика бойынша  оқу-әдістемелік құралдар дайындалады.

Практикалық денсаулық сақтау ісіне көмек көрсету үшін ғылыми-практикалық конференциялар, мастер-класстар өткізіледі.

2