БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1 маусым 2012 жыл – бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні, Біздің планетамызда жарты ғасырдан аса уақыттан бері тойлануда!

Мереке – әсіресе, стационарда ем қабылдап жатқан балаларды қорғау күні!

2 ҚБКА бұл мейрамды көтеріңкі көңіл-күймен және жылылықпен мерекеледі! Мейрамның ұйымдастырылуына жас мамандар — педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының  701, 702, 703, 708, 709, 710 топ дәрігер-интерндері кафедраның профессор-педагогикалық құрамы және №2 ҚБКА ұжымымен: кафедра меңгерушісі және бас дәрігер И.В.Брежневаның басқаруымен медициналық мейірбикелермен, дәрігерлермен, бөлімше меңгерушілерімен, педагогтар және тәрбиешілермен бірге қатысты. «Балаларды қорғау Күні» мерекесі а лдын-ала дайындалған жоспар бойынша 2012 жылдың 21 мамыры мен 1 маусымы аралығында жүргізілді.

Әр бөлімшеде, сонымен қатар асфальттарда интерн-педиатрлардың қатысуымен «Сау болу құқығы» ұранымен балалардың сурет салу сайысы және мерекелік шара өткізілді.

№104, 21 мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды, шараны балалар ерекше қуанышпен тамашалады. Ұйымдастырылған шаралар барысында интерн-педиатрлардың, бөлімше тәрбиешілерінің қатысуымен әртүрлі ойындар, спорттық жарыстар жүргізілді, бастысы – балалар ауруды емдеуде негізгі болып табылатын көптеген оң эмоциялар алды!

Аурухана әкімшілігімен 01.06.2012 ж. «Ашық есік Күні» ұйымдастырылды – педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының ассистенттерінің қатысуымен жеке мамандардың консультациялары жасалды (Әуезов ауданы және қаланың басқа да аудандары бойынша).